Кезекті плагиат. Қайрат Нұртас репертуарына тағы бір шетел әнін қосты. Әнші танымал ұйғыр әнін қазақшаға аударып жаздырды, деп хабарлайды Stan.kz.
Ұйғыр әніне ақын Бақдәулет Арыстан сөз жазып берген. Ал жаңа туынды кей тыңдармандардың көңілінен шығып үлгерсе, көпшілігі хитменді ән ұрлағаны үшін сөккен.
“Не болып барамыз?” “Қайтсін енді, ақша табу керек қой”, “Ән ұрлағаны несі”, “Біздің әншілер өте жалқау болды, түрік пен өзбек, одан қалса қырғыздың әндерін ұрлап айта салады, ұят”, “Неге əнші көбейіп кетті десем, бəрі осылай əнді ұрлап айта береді екен ғой”, – деп жазды желідегілер.
Stan.kz