"Той жыры" әні жарты сағатта жазылған

"Той жыры" әні жарты сағатта жазылған

Жарты сағатта жазылған ән. Тағдыр дегенді қойсаңызшы, өнердің арғы-бергі тарихында салған әндерінің бәрі дерлік хитке айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің әрбір мүшесі әнші боламын деп армандамағаны аян. Тіпті, техникалық жоғары оқу орындарының осынау төрт студенті үлкен сахналарға шығып, халықтың өлшеусіз ықыласына бөленеміз-ау деген ой үш ұйықтаса түстеріне кірмегені аян. Сөйтсе де, осыдан қырық жыл бұрын аталмыш топ шырқаған «Той жыры» да «Жар-жар» сияқты әлі халықтың аузынан түспей келеді.

Дегенмен, бүгінде ойлы тың­дарманды айтпағанда, тойдың әндері көп. Алайда, сол хит болған әндердің орнын келесісі алмас­тырып жатады. Ал бар болғаны жарты сағатта жазылған, біздің әке-шешелерімізді үйлендірген ән біздің де, біздің балаларымыздың да тойынан қалмайды.

Махаббаттың құдірет күші әлдилеп,

Екі жастың табыстырған жүрегін.

Жастық жалын, асыл арман, ақ ниет,

Бақыт сыйлап ұсыныпты гүлдерін.




Той үстінде тәтті күндер, тәтті күндер,

Жас жұбайлар шат күліңдер, шат күліңдер!

Ән салайық би билейік, би билейік,

Шарықтасын шаттық үндер, шат­тық үндер!

– дейтін бақытқа бастаған жігерлі әннің әрбір жолы да ұмытылмай жадымызда жаңғырып тұрған жоқ па?!

Сонымен бастапқыда жатақ­ханада, содан кейін «Политех» сахнасында, жүре келе басқа инс­титуттарда өнер көрсете бас­таған студенттер бес аспабын бір­тіндеп сатып алған, кейін түрлі байқауларда телевизияға да шыға бастайды.

Жалпы, «Дос-Мұқасан» тобы қалай дүниеге келгені талай рет жазылса да, кейінгі жас оқырман үшін мына бір естелікке орала кету артық етпейді.

Аты жоқ студенттік ансамбль 1967 жылы Баянауылға құрылыс отрядына барады. «Ансамбльдегiлер бәрiң бiрге болыңдар» деген соң, бәрiмiз бiрге барып, ҚСО-да жұмыс iстедiк. Әуелi мәдениет үйiн салдық. Ол үйде алғашқы концерттi де бiз қойдық. Онда ансамбльдiң құрылғанына бiр жыл болған. Репертуарымыз бар. Сахнаға шығып, өнер көрсетiп едiк, бүкiл зал дүркiреп, қол соғып шу болып кеттi. «Тағы айтыңдаршы, тағы қойыңдар» деп қайта-қайта сұрап, тағы да бiр концерт қойғызды. Бiздiң құрылысымыз халықаралық деңгейде болған соң, шетелдiк жастар да жұмыс iстедi. Сол шетелдiк студенттердiң басшысы бiзге келiп: «Жiгiттер, тамаша ансамбль екен. Мен сендерге ат таптым» дейдi. «Қандай?» десек, «Дос-Мұқасан» дейдi. Орысшаға келмейдi. Қазақшасы да бiртүрлi. «Ешқандай мағынасы жоқ, сендердiң есiмдерiңнiң бiрiншi буындарынан құралған. Дос-Досым, Мұ-Мұрат, Қа-Қамит, Сан-Саня. Араларыңда сызықша болуы керек» дедi. Онда немене, жаспыз? Сызықша қойылып, аттарымыз бадырайып тұрған соң, ұнамаушы ма едi. Атымыз ұнап тұр. «Дүниежүзiндегi аттары белгiлi, дүркiреп тұрған ансамбльдердiң көбi «Лос-Парагвай», «Лос-Анджелес» деп жазылған. Солар­дың жолын берсiн деп, осылай деп қойдым» деп қояды. Содан, ансамбльдiң атын осылай атадық.

«Той жыры» қалай шықты? Алғашында танымал ән болады деп ойлаған жоқпыз. Мұрат Құсайынов арамыздан ең алдымен үйленетiн болды. Бiр айдан кейiн той. «Не сыйлаймыз?» деп ақылдастық. Жiгiттердiң бiреуi: «Ең дұрысы, ән сыйлайық» дедi. Сөйтiп, бәрiмiз бiр ауыздан осыған келiсiп тарқастық. Кейiн ұмытып кетiппiз. Той болатын күнi жанталасып, «Қайда?» десем, Ұлықпан Сыдықов: «Сөзi, мiне» дейдi. Сөйтiп, әнге отырдым. Ән жарты сағатта шықты. «Той үстiнде» деп бердiк. Бiрақ, айтылды да, ұмытылды. Репертуарды әр жылы ауыстырып отырамыз. Жаңа репертуар дайындап жатқан кезде, баяғы «Той жырын» еске алдық қой. Оны да еске түсiрген Мұраттың өзi. Мұрат: «Сендер маған ән сыйлап едiңдер ғой. Соны орындап көрейiк» дедi. Аранжировкасын жасадық. Қалай болатынын бiлмеймiз? Өзiмiзге ұнап тұр. Сахнаға алып шықтық. Көрерменге бiрден ұнап, ел арасына тарап кеттi. Қай жерге барсаңыз да «Той жыры» орындалатын болды. Авторлардың құқығын қорғайтын басқарма бар. Сол жерге барып, композиторлар, авторлар әр айдың ортасында қаламақы алатынбыз. Басында он сом болатын, кейiн одан екi есе, тiптi, үш есе өсе бастады. Бiр-екi жылдай алып жүрдiм. Бiрде, тiптi, төрт жүз сомнан аса ақша алдым. Барсам марқұм Әсет Бейсеуов пен Нұрғиса Тiлендиев те алайын деп тұр екен. Нұрғиса ағамыздiкi екi жүз сом, менiкi төрт жүзден асып кеткен, – дейді осы әнді жазған, «Дос-Мұқасан» ансамблiнiң негiзiн қалаушы және бiрiншi жетекшiсi, композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қайраткерi, белгiлi ғалым Досым Сүлеев.

Әннің соншалықты танымал болғанын әйгілі композиторлардан асырып қаламақы алған топтың осы естелігінен-ақ біле беріңіз.

Ал осы әннің сөзін жазған, автоматика, энергетика салалары ендi-ендi дами бастаған заманда «Дос-Мұқасан» тобының мүшелері сияқты инженер болуды армандап, автоматика және есептеу техникасы бойынша білім алған, 60-70 жылдардарғы студент жастардың көшбасшыларының бірі болған Ұлықпан Сыдықов «Той жырынан» бөлек, «Қуанышым менің», «Бойжеткен», «Әсем жұлдыз», «Ғашықпын» дейтін әндердің мәтінін жазған.

«Егемен Қазақстан».

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста