Той-бизнестегі топ ондыққа кіретін әншілердің райдері

Той-бизнестегі топ ондыққа кіретін әншілердің райдері

ТОЙ-БИЗНЕСТЕГІ ТОП ОНДЫҚҚА КІРЕТІН ӘНШІЛЕРДІҢ РАЙДЕРІ
Дәл қазір той-бизнестің көшін бастап тұрған әншілеріміздің райдері қандай? Олар басқа қаланың тойханасында ән салу үшін нендей талаптар қояды? Бұл сұрақтардың жауабын назарларыңызға Kerekinfo.kz сайты ұсынады.

Жұлдыздарды тойға шақыру үшін «ақшасын төлесек болғаны» деп ойласаңыз, қателесесіз. Олардың сыйақысымен қоса, «еркеліктерін» де көтеру керексіз.

Дженнифер Лопес секілді «тек қана ақ түсті жиһаздар мен ақ раушанға толы қонақ үй бөлмесін», Бритни Спирс сияқты «қонақ үй қызметкерлерінің бәрі ақ түсті киіммен қарсы алғанын, өзі ертіп жүретін бас аспазының ғана тамағын» сұратпаса да, Қазақстан әншілерінің өзіндік талаптары бар екен.

Күн сайын әр қаланың тойын қыздыратын, қызу сұраныста тұрған райдерлі әншілеріміздің ондығын назарларыңызға ұсынамыз.

baistars.kz

1. Асхат Тарғын

Талапшыл жұлдыздар ондығын «Мария Магдалена» хитін орындаушы Асхат Тарғын бастап тұр.

Асхатты тойыңызда көрем десеңіз, ұшақтан орын әперіп, көлікпен қарсы алып, аппақ төсегі бар бес жұлдызды қонақ үйге орналастыру керексіз. Бөлмесінде шоколад, жеміс-жидек және газсыз су міндетті түрде болу керек.

2. Қайрат Нұртас

«Шетелге шықсам, райдерімді аямастан көбейтемін. Өз елімде көп еркелемеймін», — дейді әнші. Қайратты тойыңызда көргіңіз келсе, 7 мың АҚШ долларынан бөлек, бизнес-класcтың билет құны, 5 жұлдызды қонақ үйдің люкс бөлмесін, өте қымбат көліктің алып жүруін қадағалау керексіз.

Міндетті түрде бірнеше таза орамал болу керек. Қайрат қай қалаға барса да, «таныс-паныстың» үйіне бас сұқпай, тек қана қонақ үйде жатқанды жақсы көреді. Сондықтан бөлмесінің жайлы болуы — ең басты талап.

3. «КешYou» тобы

«КешYou» тобының сылқымдарының тек бизнес-класcпен ұшатыны бұрыннан белгілі. Алты жұлдызды қонақ үйлер пайда болса, бірден соны таңдар еді.

Бұл герлз-бендті қай қалаға барса да, қара джиппен алып жүру — ең басты да, ерекше райдері.

4. Қыдырәлі мен Қарақат

Бұл жұп тек бизнес-класспен ұшып, бес жұлдызды қонақ үйге қонып, қымбат көлікпен алып жүргенге үйреніп қалған. Тойға тапсырыс алмас бұрын тойхананың аппаратурасын тәптіштеп сұрап алады.

Өздерімен бірге микрофондарын алып жүреді. Тойхананың тым биік болмауына басты назар аударады.

«Тойхана өте биік болған сайын акустика нашарлап, дауыс шашырап кетеді, ән дұрыс шықпайды», — дейді Қыдырәлі.

5. Бүркіт пен Аиша

Бұл жұп үшін міндетті түрде ұшақтан орын және 5 жұлдызды қонақ үй. Ұшақтан түскенде қымбат көлік күтіп тұруы керек.

Тойхана емес, тойдағы адамдардың саны өте маңызды. Адам аз болған сайын Бүркіт пен Аиша алатын сыйақы құны қымбаттай береді.

«Адам азайған сайын олармен жұмыс істеу, көңілін көтеру қиындай береді», — деп түсіндіреді Бүркіт.

6. Айқын

Бизнес-класспен ұшпаса болмайды. Қонақ үйдің жұлдызы маңызды болмаса да, таза отельдің люкс номерінде жатуы өте маңызды. Қымбат болмаса да, құнарлы, дәмді тамақтан 3 мезгіл нәр алуы керек.

Қай қалада болса да, үнемі көмекшісімен жүреді. Ерекше райдері: жанды дауыспен ән айтатындықтан дауыс колонкалары 3 кВт-тан төмен болмауы керек.

7. Ақылбек Жеменей

Ақылбек те тек қана бизнес-класспен ұшады. Қымбат көлікпен қарсы алып, бес жұлдызды қонақ үйге жайғастыру керек. Жанында үнемі көмекшісі жүретіндіктен, оның да шығындарын көтеру міндетті.

Музыкалық аппараттардың сапалы болғаны да өте маңызды. Осының бәрін орындап, 5 мың АҚШ долларын төлесеңіз, Ақылбек Жеменей тойыңызда антрактіге дейін болады.

8. Айгүл Иманбаева

Ұшақ орны (бизнес/эконом) міндетті емес. Бірақ, Air Astanaмен ұшқанды қалайды. Қонақ үйдің люкс номері, тазасы, қолайлысы болу керек. Көбіне әр қаладан өзі ұнататын қонақ үйді таңдауға тырысады.

Айгүл өте жаурағыш адам болғандықтан, жататын жердің жылы болуын қадағалайды. Қымбат көлікпен қарсы алу керек.

9. Серік Ибрагимов

Серік ұшақтың эконом, ұсынып жатса, бизнес классымен де ұша береді. Күтіп алушылардың Жигули сияқты көлікпен келмесіне сеніп, «мынадай машинамен қарсы алыңдар» деп те айтпайды.

Қонақ үйдің таза болуын ескерткенімен, жұлдыздарының санына бас ауыртпайды.Бірақ, Серік жанынан администраторын тастамайтындықтан, жол шығындарының бәрі екіге көбею керек.

Серіктің қояр ерекше райдері: ән арасында қолындағы аспабымен, яғни, саксофонымен әуен тартатындықтан микрофонның тіреуіші болуы шарт.

10. Ғалымжан Молданазар

Әнші Ғалымжан тойға шақырса, ешқандай талаптар қоймайды екен. Мұны той-бизнестегі тәжірбиесіздігі дегеннен гөрі, тым қарапайымдылығы деген дұрысырақ болар.

Ғалымжан үшін ұшақтағы орнының қай классқа жататыны маңызды емес, діттеген жерге жетсе болғаны. Қонақ үйдің де жұлдызын санап әуре болмайды, тамақтың да ұсынылғанын жейді.

Үнемі тек жанды дауыспен айтатындықтан, микрофонның сапалы болғанын қадағалап отырады.

Тойға шақырушыға айтар бір ғана талабы бар: тапсырыс беруші жақын танысып, жақсы араласу үшін Молданазарды әңгімеге шақырып, мазасын алмауы керек. Жалпы ешкім мазаламағанын қалайды.

baistars.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста