Роза Әлқожа: «Отағасы көлікті өзіне іздеп жүр деп ойладым»

Роза Әлқожа: «Отағасы көлікті өзіне іздеп жүр деп ойладым»

Ақпанның 23-і күні бесінші перзентін дүниеге әкелген алаштың әйгілі әнші, сазгер қызы Роза Әлқожаға күні кеше жұбайы Айдын Қаба су жаңа көліктің кілтін ұстатты. Бұл тосынсый ма, әлде «қыз туып берсең, көлік сыйлаймын» деген екеуара келісім болды ма? Айтуға оңай, яғни сырт көз үшін «Роза босана салды», «күйеуі көлік сыйлай қалды» сияқты, ал анығында... Қысқасы, әнші, сазгер, көп балалы анаға қоңырау шалудың сәті түсіп тұрған сияқты... 

– Иә, Жагорқызы, тыңдап тұрмын, – ә дегеннен-ақ әншінің қуанышты көңіл күйі сезілді.
– Розатай, кішкентай Ясинаның бауы берік болсын!
– Рахмет, Меккеде жүргенде Алладан тілеп алған қызымыз еді, кіндігін қасиетті Құран Кәрімнің арасына салып қойдым.
– Қызық әдет екен? Ясинада ғана осылай еттіңіз бе?
– Жоқ, жалпы кесілген кіндікті кітап арасына салу үрдісін тұңғышымнан бастағанмын. Бекарыстың кіндігі – Ибн Синаның, Ақботанікі – Пушкиннің, Жанарыс – Алтынбек Сәрсенбаевтың кітаптарының арасында тұр. Еларыстың кіндігіне келгенде ғана, кітаптан сәл ауытқып, Еркін Нұржановтың көлігінің артына тастағанмын. Ондағы ниетім – ұлым сол ағасы секілді әнші ғана емес, сырбаз жігіт болып өссін дедім.
– Айтпақшы, Роза, енді көлік құтты болсын!
– А-а, ойбууу, оны ұмытып та кетіппін ғой. Рахмет! Жұғысты болсын!


– Негізі бұл сізге тосынсый болды ма, әлде?...
– Тосынсый болғанда қандай?! Негізі жұбайым өзіне көлік қарастырып жүрген. Содан ба, әлде өзімнің тұлпарым болған соң ба, ол маған көлік сыйлайды деген ой үш ұйықтасам түсіме де кірген жоқ. Бұл бір, екіншіден, «қыз туып бердім» деп өзіңнің сүйікті жарыңнан бірдеңе дәмету – ұят қой. Айекең менің мінезімді біледі. Сондықтан ол маған алдын ала ештеңе сездіргісі келген жоқ. Тек көлікті болатын күні ғана күн батып бара жатқан кезде үйге кіріп келді де, «жүрші, бір жақсы көлік шығып тұр, көріп келейікші» деді. Ойымда ештеңе жоқ, жетегіне ере жөнелдім. Көп көліктің ішінен осыған көзім түсті. Өзім мініп те көрдім. Ұнады. Сатып алдық. Ал енді оның кілтін Айекең «бұл саған» деп ұсынғанда, сенер-сенбесімді білмей қалдым. Содан соң барып бойымды өзгеше бір сезім кернеді. Көлік үшін емес, жұбайымның мені қуантқысы келгені үшін. Біртүрлі жылағым келіп кетті. Бақыттан.
– Су жаңа көлік қалай?
– Бір сөзбен айтқанда, «ұзақ жолдың ханшайымы»!
– Ендеше, тұлпар шабысты болсын, ал Ясина көп жыламасын!
– Рахмет, Мәриям, сәуірдің 5-і күні шілдехана, сүндеттойда кездесейік!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста