Рамазан Стамғазиев немерелі болды
Қазақ өнерінің қара нары, айтулы азамат Рамазан Стамғазиев пен жұбайы Ұлту Қабаева жақында ғана ата, әже атанды. Өзінің отбасындағы қуанышымен Рамазан аға әлеуметтік желі арқылы көпшілікпен бөлісті.
Өткен жылы өнерлі жұп Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаева өздерінің алақандарына салып аялап өсірген қыздары Перизатты ұзатқан еді. Биылғы жылы Алланың қалауымен Перизат дүниеге шекесі торсықтай ұл әкелді. Дүние есігін жаңа ашқан кішкентай нәресте нағашы атасының туған күнінде дүниеге келіп, Стамғазиевтар әулетінің қуанышы еселене түсті. Ән өнерінің дүлдүлі 3 мамыр күні өзінің туған күнін атап өткен болатын. Қазақтың дарынды азаматын қадір тұтатын жұртшылық, туыстары, достары Рамазан аға мен Ұлту жеңешені құттықтап, ақ тілектерін жаудырды. Біз де өз тарапымыздан Рмазан ағаға жүз жасаңыз дегіміз келеді, ал жаңа туған нәрестенің бауы берік болсын!