Қырғыз әншілері қазақша шырқай бастады (видео)

Қырғыз әншілері қазақша шырқай бастады (видео)

Астана қаласында екі жыл тұрған жас қырғыз әншісі Нооруз Алымбаев қазақ тілінде ән сала бастады.

нооруз алымбаев

Фото: gonzo.kz

Нооруз Алымбаев Қазақстанда жүріп, қазақ тілін үйреніп қана қоймай, шоу-бизнес әлемін де өздігінше зерттеп көрген. Бішкекке оралған әнші екі тілде ән жаздыртады. Өз шешімін жас орындаушы жаңа белестерді бағындырғысы келетінімен түсіндіреді, деп жазады gonzo.kz.

Оның бастамасына қырғыздар арасында қуанғандар аз болмады. Сын айтқандар да табылды. Қазақтың халық әнін көшіріп айтып жүр, тіпті бейнебаян да түсіріп алыпты деген әңгіме тарады.

Нооруздан сұхбат алған тілшілер міндетті түрде оның «көшірмесі» туралы есіне түсіріп отыратын. Дегенмен жас әнші қазақтың халық әнін ұнатқанын, сондықтан міндетті түрде қырғыз тілінде орындағысы келгенін, әрі Қазақстаннан өзіне қалған естелік ретінде қабылдайтынын айтудан жалықпады.

«Көк жөтел» әні қырғыз тыңдармандарға ұнады деуге болады. Телеарналар мен радиотолқындарда аз айналдырмады. Енді тағы бір жаңа ән жаздыртып жатырмын, оны қазақ және қырғыз тілдерінде орындаймын. Мүмкіндік болса, қазақ тыңдармандарға да ұсынып көргім келеді, – дейді қазақ тілін біршама үйренген Нооруз Алымбаев.

Қырғыздың тағы бір орындаушысы Жұмабек Ақбаров былтыр жазда Астанада бейнебаян түсіріпті. Жас әнші қырғыз әндеріне қазақ елінде сұраныстың жоғары екенін айтады.

“Рас, қазақ әншілері қырғыз әріптестерінің әндерін өз тілінде орындап келеді. Онда тұрған ештеңе жоқ. Керісінше біздің қырғыз әншілері қуанады. Дегенмен, кейде рұқсат алуды ұмытып кететіндер бар”, – дейді Жұмабек Ақбаров.

Жас әншінің пайымынша, бастысы, рұқсат алып, әнді өз деңгейінде орындап шықса болғаны.

“Егер менің әнімді аударып алып, шырқап жатса, менің бақыттан басым айналар еді. Ал, Нооруз Алымбаевпен жақын таныс емеспін. Дегенмен, қазақтың халық әнін аударып орындап жүргеніне қуанып қалдым. Менің де кейде қазақтың тамаша әндерін өз тілімде орындағым келіп тұрады. Әрине, құқық иеленушісінен рұқсатын алу керегін білемін. Қалай десек те, «қазақ-қырғыз бір туған» деп жатады ғой. Меніңше, мұндай бастама екі елді жақындастыра түседі”, – дейді қырғыз әншісі.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста