Қазақтың ең сұлу жас актрисалары (фото)
Қандай да бір фильм немесе сериалды көру кезінде біз небір жағымды, жағымсыз рөлдерді ойнайтын актрисалардың сұлулығына бірінші назар аударамыз. Әсем де, әдемі, дене бітімі келіскен арулар экраннан бізге ғажап көңіл-күй сыйлайтындай. Біз оларға қызығамыз, кейде тіпті қызғанамыз, кейбіреуіне еліктегіміз келіп тұрады. Бүгін «Алаш айнасы» көрерменнің көзайымына айналған көрікті актрисаларды назарларыңызға ұсынып отыр.
Жәния Джуринская
Жәния жастарға арналған "Вузеры" сериалы арқылы көпшілікке жақсы таныс. Сондай-ақ ол Қайрат Нұртастың «Өкініш» фильміне де түсті. Аталған картинада ол Қайраттың сүйіктісінің рөлін ойнаған еді. Жәнияның туған жері Байқоңыр қаласы. Кішкене кезінен үлкен қалада тұруды армандаған актриса мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласына келіпті.
Оңтүстік астанаға келгеннен кейін Жәнияға сәттілік серік болып, кастингтердің бірінде өзі жас, өзі сұлу қыз белгілі продюсер Баян Есентаеваның көзіне түсіп, оны "Shine" тобының әншісі ретінде қабылдайды. Жәния топ құрамында аса көп ән айта қойған жоқ. Продюсерімен келісімшарты аяқталғаннан кейін ол музыкадан кино саласына ауысты. Бүгінде Жәния Джуринская отандық фильмдердің біразына түсіп үлгерді.
Актриса түскен фильмдер: "Болашақ" - Жәния (телесериал); "Парыз" - Жанна (телесериал); "Өмір өткелдері" - Айсұлу (телесериал); "Ғашык жүрек" - Маржан (телесериал); "Вузеры" - Сандуғаш (телесериал); "Өкініш" — Сәния (кинофильм).
Бибігүл Сүйіншалина
Актриса өзінің карьерасын 8 жасында бастады. Оның алғаш түскен бейнеклипі "Жұлдызым".
Бүгінде ол ондаған фильмдерде ойнап үлгерді, олардың көбінде басты рөлдерді сомдады.
"Громовтар. Үміт үйі" - Файка; "Виртуалды махаббат" — Эли (басты рөл); Егор Кончаловскийдің альманахы "Астана – жүрегім менің", новелла "Дарина"; Ресей телеарнасының 8 сериялы "Пираньи" фильміндегі Айко (басты рөлдердің бірі).
Әсем Жәкетаева
news.allinfo.kz
Ең алғаш қазақстандықтар Әсемді "Superstar. Kz" жобасы арқылы таныды. Сол жобада Әсем барша қазақстандықтардың сүйіктісіне айналған еді. Осы жобадан кейін 5 жылдай Әсем телеэкраннан да, газет-журнал беттерінен де көрінбей кетті.
Кейін музыка әлеміне Айлан деген есіммен қайта келді. Қазір ол өзінің Әсем атты есімімен шығып жүр.
Қазіргі таңда Әсем актрисалық қырынан танылып келеді. Ол «Вузеры» сериалында басты рөлдердің бірін ойнайды.
Әлия Әнуарбек
vk.com
Әлияның алғашқы дебюттік рөлі Ақан Сатаевтың "Ағайынды" фильмі еді.
Кейін ол тағы бір кастингтен өтіп, отандық фильмдердің ішінде ең көп табыс әкелген «Жаужүрек мың бала» фильміндегі Зере рөлін ойнады.
Әлия 2011 жылы «Алматы ауруы» байқауында жеңіске жеткен. Алайда оқуының қиындығына байланысты ол «Әлем аруы» байқауына қатысудан бас тартты.
Аружан Жазылбекова
vk.com
Аружанның негізгі мамандығы журналист болғанымен, ол өте талантты актриса.
2010 Тоқтар Қарсақбаевтың "Махаббат бесігі" фильмінде ойнауға шақырылды. Одан кейін жастарға арналған "Әсел және оның достары" атты фильмде басты рөлді ойнады. Сондай-ақ Егор Кончаловскийдің "Астана – жүрегім менің" картинасына түсті.
2012 жылы "Нүркеновтер отбасы» және "Санжар мен Кайсар" сериалдарында ойнады. .
Сая Оразғалиева
kari920.spaces.ru
Сая "Shine" тобының әншісі болды. (2010-2012).
Оның ең алғашқы жобасы – "Жаным" сериалы, бұл фильмде ол өзінің көзі көрмейтін ұлын тамақтандыру үшін ауылдан арнайы келген анасының рөлін ойнайды. "ВУЗеры" сериалы арқылы Саяның танымалдығы артты.
Актриса өзінің бос уақытын ұлы Радмирмен бірге өткізеді. Ол ұлын жалғыз тәрбиелеп жатыр.
Әсел Сағатова
yvision.kz фото
Асел 14 жасынан бастап модель ретінде карьерасын бастады. Сол кезден бастап ол жарнамалық роликтерге түсті. Гонконгта және Таиландта жұмыс істеді.
2000 жылы Әсел «31 арна аруы» титулына ие болды, «Мисс фотомодель» байқаулыран қатысқан.
Кинодағы дебюті 2004 жылы басталды. 20 жастағы актриса "Найман ана" фильміне түсті. Одан кейін "Махамбеттің қылышы", "Қызыл жусан", "Рэкетир", "Махаббат тәлкегі" секілді фильмдерде біршама рөлдерді ойнады.
Карлығаш Мұхамеджанова
news.nur.kz
Қазақстанның халық әртісі, әнші Нұржамал Үсенбаева мен композитор Төлеген Мұхамеджановтың қызы.
2005 Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Магистратураны АҚШ-та оқыды.
Кинодағы алғашқы дебюті 2009 жылы шыққан "Лавэ" фильмі.
Фильмографиясы: "Дала даусы" (Казахстан, Франция); "Бүкіл әлем аяғыңыздың асытнда" (Қазақстан, АҚШ); "Астана – жүрегім менің" (Қазақстан); "Ликвидатор" (Қазақстан), "Сказ о розовом зайце" (Қазахстан); "Рывок" (Қазақстан).
Айнұр Ниязова
spinnerette1.rssing.com
Айнұр кішкене кезінен тігіншілікке қатты қызықты мектепте оқып жүрген кезінен бастап ол өзіне көйлек тігуге қатты құштар болды. Астанаға келгеннен кейін музыка академиясының театр бөліміне оқуға түсті.
Оқып жүрген кезінде ол қосымша телевидениеде жұмыс істеді. "Афиша" айдарын жүргізді. 19 жасында тікелей эфирде бағдарламалар жүргізді. Телевидениедегі тәжірибесінен кейін ол Қ.Қуанышбаев атындағы театрда біраз тәжірибеден өтті. Дипломын алғаннан кейін Алмтыға келіп актерлық карьерасын бастады. Қазір Айнұр фильмдерге түсумен қатар қысқаметражды фильмдерге сценарий жазумен айналысады, музыка және өлең жазады.
Динара Бақтыбаева
vk.com
Динараның туған жері Жаңаөзен қаласы. Балалық шағы Атырау қаласында өткен. Динара Алматы қаласында жоғары оқу орнын бітірді.
Актрисаның дебюттық рөлі 2013 жылы шыққан "Қыз бен жігіт" фильмі. Сол кезде ерекше талқыға түскен фильм алғашқы аптада-ақ прокатта шығынын ақтап алды. Фильмнің бюджеті 300 мың доллар болған еді.
2014 жылы Динара студенттік өмір туралы"Нархоз" фильміне түсті.
Айсұлу Әзімбаева
season.kz
В 2013 году с друзьями основала независимое творческое объединение ЛУЧ.
Дарья Александрова
yvision.kz
Бұлш актриса "Нархоз", "Олимпийцы", "Жаным-2", сондай-ақ «Көшбасшы жолы. Өртті өзен» көркем фильмінде ойнады.
24KZ телеарнасында жаңалықтарды да жүргізеді.
Линда Нығматулина
www.quorum.kz
Линданың ең алғашқы көрнекті рөлі «Тоғысқан тағдырлар» сериалындағы Дананың рөлі. Маришканың досының рөлінде ойнаған болатын. Одан кейін оның кино саласындағы карьерасы өрге басты.
Кәсіби актриса ретінде Линда Нығматулина үшін 2007 жыл сәтті болды. Осы кезде Линданың қатысуымен бірнеше фильм жарық көрді. Бүгінде Линда Мәскеуде тұрады. Ол онда белгілі режиссерлермен бірге жұмыс істейді.
Айнұр Ильясова
Айнұр өнерге, шығармашылыққа балабақшадағы кезінен бастап қатты қызықты. Ең алғаш «Екі көңілді қаз» сахналық қойылымында әженің рөлін ойнаған Айнұр актриса болуды армандады. Ол мектепте барлық мәдени, қоғамдық шараларға белсене қатысты.
Ильясова "KZЛандия" жобасы арқылы көпшілкке танылды.
(деректер ztb.kz сайтынан алынды)