Өзбекстанда экранға жалаңаш шыққан жұлдыздарды қалай жазалайды? (фото)

Өзбекстанда экранға жалаңаш шыққан жұлдыздарды қалай жазалайды? (фото)

Өзбек шоу бизнесі өте "нәзік" тақырып. Ондағы әншілердің әрбір қимылы аңдулы, есептеулі, өлшеулі. Әр айтқан сөзі мен ел алдындағы жүріс-тұрысын, киім киісін аңдып отыратын арнайы ұйымы да бар. Мұның барлығы шоу бизнес өкілдеріне жүктелген жауапкершіліктің қаншалықты зор екенін аңғартады. NUR.KZ порталы өзбек өнеріндегі ел алдында масқара болған тұлғаларды ұсынады.

 

Тамила (Эсмеральда Рахматова)

Өзбекстанда экранға жалаңаш шыққан жұлдыздарды қалай жазалайды?

Фото: uinp.info

Өзбектің бұл әншісі жартылай жалаңаш күйінде екі бейнесюжетке түсіп, өзбек жұртын шулатқан. Оның видеолары елге таралып кетіп, әнші елдің сынына ұшыраған. Осылайша, Тамила ел алдына шығудан қалды.

Озада Нурсаидова

Өзбекстанда экранға жалаңаш шыққан жұлдыздарды қалай жазалайды?

Фото: asiaterra.info

Өзбек әншісі Озада Нурсаидоваға концерт беруге тыйым салынғалы 8 жыл өтті. Әншінің ән кештері өте әдепсіз түрде өткендіктен, оған рұқсат берілмеген. Сонымен бірге, оның бақуатты хорезмдік кәсіпкердің ұлын сүндеттеу тойындағы бейәдеп қылықтары түсіп қалған видеосы да  "даңқын" аспандатып жіберді. Бүгінде ол қара тізімге енген.

Диана Ягофарова

Өзбекстанда экранға жалаңаш шыққан жұлдыздарды қалай жазалайды?

Фото: plus.kinopoisk.ru

Өзбек шоу бизнесінде енді ғана жарқырап шығып келе жатқан жұлдыздардың бірі Диана Ягофарова еді. Алайда 2009 жылы болған атышулы жайт оның өзбек қауымы алдындағы абыройын шелектеп төкті. Желіде оның Бахром Якубов есімді режиссермен (нақты емес, соған ұқсайтын азамат) төсек сахналарын сомдаған сәттерінің видеосы тарап кеткен. Бұдан кейін өзбек шоу бизнесінің есігі ол үшін тарс жабылды.

Райхон Ганиева

Өзбекстанда экранға жалаңаш шыққан жұлдыздарды қалай жазалайды?

Фото: hmongbuy.com

Әнші Райхонның Лола Юлдашевамен бірігіп айтқан "Куныкмадым" әніне 2015 жылы түсірілген бейнебаянда эротикалық кейіпте түсуі мемлекеттік шенеуніктердің ашуына тиеді. Олар қос әншіні қатаң сынның астына алып, олар лицензиясынан айырылып қала жаздаған.

Тек биліктегі кейбір тамыр-таныстарының арқасында ғана олар лицензиясын сақтап қалған болатын. Дегенмен Райхон туралы жағымсыз пікір сол кезеңнен бастап қалыптасып қалды.

Лола Юлдашева

Өзбекстанда экранға жалаңаш шыққан жұлдыздарды қалай жазалайды?

Фото әншінің Twitter желісіндегі парақшасынан алынды

Лола Юлдашева жоғарыда айтылған бейнебаяннан соң өзбек сахнасында ән айту мәртебесінен айрылып тынды. Оған ""Өзбек менталитетіне сай емес" деген айып тағылды.

Жасур Умиров

Өзбекстанда экранға жалаңаш шыққан жұлдыздарды қалай жазалайды?

Фото: tarona.net

Өзбек шоу бизнесіндегі ер адамдар "жазасы" әйелдермен салыстырғанда анағұрлым аз кездеседі. Мәселен, поп-жұлдыз Жасур Умиров 2013 жылы мақта егістіктерінде өтетін жыл сайынғы азаматтар жиналысына қатыспағаны үшін лицензиясынан айырып тастаған. Өзбектер патриоттық сезімнің де тиісті дәрежеде болмағаны үшін қатаң жазаға тартады.

Абдулазиз Каримов

Өзбекстанда экранға жалаңаш шыққан жұлдыздарды қалай жазалайды?

Фото: ozodlik.org

2016 жылы Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, эстрада әншісі Абдулазиз Каримов өзінің атағынан айрылып қалды. Оған себеп, әншінің түрік азаматтығын алуы. Бұл атақ кеңестік дәуірден қалыптасқан үрдіс. Оған қол жеткізгендер халық алдында сый-құрметке, түрлі артықшылықтарға ие. Алайда әнші өзбек радиосы мен телевизиясына тапсырыс жасай алмағанына режіп, Түркияға біржолата кетіп қалған. Он айдың ішінде ол түрік азаматы болып шыға келді.

Обид Асомов

Өзбекстанда экранға жалаңаш шыққан жұлдыздарды қалай жазалайды?

Фото: YouTube

Танымал әзілкеш Обид Асомов тек өзбек жұртына емес, сонымен бірге бүкіл ТМД елдеріне де жақсы таныс. Ол "Кривое зеркало" бағдарламасында сауаты аз, Ресейге күнкөріс үшін келген өзбек мигранты рөлінде ойнайды. Оның бұл рөлі өзбек билігіне жақпай қалды. Олардың айтуынша, әзілкеш өзбек халқының атына кір келтірді-мыс. Обид бастапқыда өз рөлін қарапайым халықтың келбеті және өзбек халқының арын таптау ойында болмағанын айтып,  өзін ақтап алуға тырысқанымен, оның мұнысынан түк шықпады. Осылайша Обидтің есімі бүгінде сирек естілетін болды.

Шерали Джураев

Өзбекстанда экранға жалаңаш шыққан жұлдыздарды қалай жазалайды?

Фото: gdk-ufa.ru

Әнші Шерәлі Джураев ірі концерттерін өткізу мүмкіндігінен айрылғалы 20 жылдан асып кетті. Оның өлеңдері не теледидардан, не радиодан берілмейді. Ел арасында әншінің сахнадан қуылуы биліктегілердің әрекеті деген болжам бар.

 

<video id="yaVideoPlayer_661661" preload="none" style="background-color: rgb(0, 0, 0);" controls="" height="100%" width="100%"></video>

 Nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста