Көп жұлдыз сахнаға қадам баспас бұрын ата-анасы азан шақырып қойған есімді өзгертіп, өзіне құлаққа жағымды лақап ат таңдайды. Бірі руының атын шығарғысы келсе, енді бірі көз тимесін деген ниетпен осылай жасайтын көрінеді.
Ал қазақ эстрадасында лақап атпен жүрген жұлдыздардың кім екенін білесіз бе? Кезекті материалымызда осы тақырыпты талдаймыз.
Тыңдармандарын әндерімен ғана емес, сымбатымен тамсандырып жүрген әншінің шын есімі – Луиза Кәрінбаева. Әншіні алғаш 2010 жылы көгіл экрандағы “Х-фактор” жобасынан көрген болатынбыз. Арада небәрі бір жыл өткен соң халыққа жеке орындаушы ретінде таныстырылды.
Семейлік Лидия Досалина аз уақыттың ішінде танымалдылыққа қол жеткізіп, халықтың жүрегін жаулады. Әнші сахнаға лақап атпен шығуды жөн көрген екен. Лақап атының венециялық Лидо аралына еш қатысы жоқ. Бұл үшін есімі мен тегінің бастапқы екі әрібін таңдаған.
Қазақ эстрадасында Бүркіт деген лақап атпен жүрген әншінің шын есімі – Айбек. Бұл лақап атты таңдауын дәл осы құс секілді өнер әлемінде биік самғағысы келгенімен түсіндіреді. Сахнаға лақап атпен шығуға продюсері Евгений Жагалтаев кеңес берген екен. Бүркіттің жары Аиша да есімін өзгертіп, құжатта Айша деп жаздырған.
Өзіндік тыңдармандары бар Айжан Нұрмағамбетованың есімі мүлдем басқа екен. Құжатта Айтжан Нұрмағамбетова болып жазылған. Ал Айжан туған сіңлісінің аты. Халыққа ер баланың атымен танылғысы келмегендіктен осындай қадамға барған.
Арман Қоңырбаевтың ғана емес, халықтың еркесіне айналған Аша Матайдың шын есімі – Ақбота Асқарова. Өнерге лақап атпен қадам басуына алғашқы продюсері Әділжан Бакеев мырза себепші болған екен. Мұнымен қатар, ата-анасы көз тимесін деген ниетпен қойған. Аша әкесінің “боташа” деп еркелеткенінен шықса, Матай өзінің руы.
Шамсидің шын есімі – Ахметәлі Байменов. Шамси сөзі араб тілінен аударған кезде “күннің нұры” деген мағынаны білдіреді. Шоу бизнесте жұлдыздай емес, күндей жарқырап шығамын деген әнші бұл лақап атты үлкен сеніммен таңдаса керек.
Иван Бреусовтың жобасы Бибо есімді жігіттің шын аты – Бейбіт Құсайынов.
Бұдан өзге лақап ат ретінде руының атын таңдаған әншілер де бар. Олар – Ғаділбек Жанай, Ақылбек Жеменей, Нұрлан Албан.
Жігіттер тобының мүшесі Айдар Байжановтың шын есімі – Ерсінбек Тұрғанбекұлы. Құжатта тегін заңды түрде өзгертсе де, есімі сол қалпы жазылған. Ал Айдар деп әке-шешесі мен достары атап кеткен екен.
Әнші Шаһизаданың есімі құжатта Захизада деп жазылған екен. Мұндай қателікті ақ суға мас болған дәрігерлер жіберген. Алайда әнші өнерге лақап атпен шығуға қарсы.
Әнші Кенталды алғашында Талғат Кенжебұлатов есімімен танитын едік. Алайда әріптесі Лидо ханым секілді есімі мен тегінің алғашқы үш әрібін біріктіріп, өзіне лақап ат ойлап тапқан екен.
Әншілердің лақап аттары танымалдылықтарына қаншалықты әсер еткені белгісіз. Тыңдармандардың бірі бұл әрекеттерін қоштаса, енді бірі азан шақырылып қойылған есімді өзгертудің дұрыс еместігін меңзейді. Ал бұл туралы сіздің пікіріңіз қандай?
Естеріңізде болса осы уақытқа дейін отбасын жасыратын жұлдыздар туралы жазған болатынбыз.