Әуелбекованың айтуынша, ол шәкірт тәрбиелеу жайында бұрыннан ойлап жүрген. «Магистратураны тәмамдағаннан соң Төлешова Люция апайымның «Ұстаздыққа дайынсыңдар. Білімдеріңмен бөлісіңдер, шәкірт алыңдар» деген сөзін ескеріп, жеті жылдан соң продюсер болуға бел будым»,- дейді.
400 – ге жуық қыздар қатысқан өте ауқымды іріктеу үш күнге созылған. Жеті турдан соң іріктелген төрт қыз қалыпты. Ал топ атауын таңдауда продюсер ұзақ ойланған. Іріктелген төрт қыз ұсыныс айтып, ақылдаса келе «Nazar» атауына тоқталған екен.
Ал көптеген квартеттерден есті әндерді орындап, әуретті жерімізді көрсетпей ерекшеленеміз деген продюсердің топқа қоятын басты талабы – тәртіп! «Nazar» тобы нақты бір жанрға тоқталмайды. Кез-келген жанрдағы әнді қыздар жанды дауыста орындайтын болады.
Мөлдір Әуелбекованың айтуынша жеке шығармашылық пен топ жұмысын қатар алып жүру оңай емес екен. «Қолдан келгенше үлгеруге тырысып бағатын боламыз. Алла бұйырғанын көрерміз»,- деп сөзін аяқтады әнші.