"Мәңгі махаббатым": Жұбайын туған күнімен құттықтаған Нұрлан Қоянбаев елді сүйсіндірді
Режиссер, актер, әзілкеш әрі тележүргізуші, сегіз қырлы бір сырлы Нұрлан Қоянбаев жарын туған күнімен ерекше құттықтады.
"Бүгін менің жан-жарым, мәңгі махаббатымның туған күні! Шын жүректен бүгінгі туған күніңмен құттықтаймын, жаным! Денсаулығың мықты болсын, бақытымыз баянды, әрбір күніміз қуаныш пен шат күлкіге толы болсын. Отбасымыз аман болып, татулығымыз бен берекеміз мықты болсын. Әрбір ойлаған арман, тілек, мақсаттарымызға қол ұстасып бірге жете берейік. Достар, құттықтап қойсаңыздар күшті болады", - деп жазды Қоянбаев Instagram парақшасында.
Желі қолданушылары да Әйгерім Қоянбаеваны құттықтап, ақ жарма тілегін жеткізді.
"Бақытты болыңыздар, жеңгей екеулеріңіздің жұптарыңыз жазылмасын, Алла ұзақ, баянды ғұмыр берсін", "Сүйген жарыңның толып жатқан жасы құтты болсын. Алға қойған мақсаттарыңа бірге жетіңдер", "Туған күн иесін қуанышты күнімен құттықтаймыз. Отбасылық бақыт тілейміз!!!", "Әйгерім ханым! Туған күніңізбен! Әйел бақытын тіледім!", - деп жарыса жазды олар.