Эстрададағы естен кетпес 20 есім

Эстрададағы естен кетпес 20 есім

1982 жылы Батырхан Шукенов саксофоншы ретінде «Арай» тобының құрамына кіреді. Бұл топтың негізін Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева қалаған. «Арай» тобымен қатар, Батырхан Шукенов өзінің жеке шығармашылығымен айналысып, тіпті 1983 жылы Бүкілодақтық фестивальдің лауреаты атанды. Осылайша өзін кәсіби саксафоншы ретінде танытады. 1985 жылы консерваторияны аяқтап, өзін әнші ретінде сынады. 1987 жылы топ Роза Рымбаевадан кетуді шешеді. Топтың атын «Алма-Aта Студио» деп өзгертеді. Батырхан Шукенов топтың фронтмені атанады.
1989 жылы топ алғашқы «Джулия» атты хит әнін жазады. Топпен Алла Пугачева танысады және бірден өзінің ән театрына шақырады. Кейіннен Алла Пугачеваның кешінде ән шырқағаннан кейін «А Студио» тобын бүкіл ел таниды. Осыдан топ жаңа ән, жаңа бейнебаян, жаңа альбом жазады. Алайда 11 жылдан кейін Батырхан Шукенов өзі жеке әншілікті қолға алады. REAL Records компаниясымен келісім шартқа отырып, Павел Есенинмен жұмыс жасайды. Жаңадан «Душа» атты әніне бейнеклип түсіреді. Бірақ түсініспеушіліктерге байланысты бейнебаян жарық көрмейді. Осыдан кейін Батырхан Шукенов Қазақстанға оралды. 2002 жылы өзінің алғашқы «Отан ана» 2013 жылы «Душа» атты альбомдарын шығарды.

«Мюзикола» тобы 1993 жылы құрылды. Топ евро-поп стильде өнер көрсетуді жөн көрді. 1996 жылы топ алғашқы «Девочка в платьице белом» атты альбомының жұмысын бастаған. Альбом сол жылдың аяғында, «Polygram-Russia» компаниясының қолдауымен шықты. Оған он ән кірді. 2003 жылы дүкендерде топтың «Между Алматой и Москвой», 2004 жылы «Горький шоколад», 2007 «Певица и саксофон», 2008 жылы «Как всегда» атты альбомдары шықты. Қазір топтың репертуарында 100 астам ән бар. Болат пен Каринаны Қазақстанмен қатар, Қырғызстан, Ресей, Испания, АҚШ, елдерінде құшақ жая қарсы алады.

«Ал Давай» тобы 1998 жылы Алматы қаласында құрылған. Жоба еліміздегі шоу-бизнестің тарихындағы жігіттерден құралған ең танымал топтың бірі болды. 2000 жылы ең беделді топтардың бірі саналды. 10 альбом, 10 бейнеклиптері бар. Сондай-ақ, «Ал Давай» тобы «Золотой диск», «Голосуй страна» және бірнеше ән байқаудың лауреаты атанған.

Топ 15 жылдан астам уақыт бойы еліміздегі атақты ең алғашқы бойзбендтердің бірі. 15 жыл эстрадамыз үшін үздік көрсеткіш. Музыкалық топтың құрамында алғаш Жақсыбеков Тимур, Абенов Еділ, Өзбеков Данияр, Шоқан Маратұлы сынды азаматтар өнер көрсеткен. Бұл азаматтардың бәрі биші және бірнеше байқаулардың жеңімпазы болған.

2002 жылы «Голосуй страна» байқауында «Жыл хиты» номинациясына ие болды. 2005 жылы жігіттер продюсері Марленнен кетеді. 2013 жылы топқа 15 жыл толды. Осы орайда топ Мәскеуде жаңа альбом жазды.

Топқа «Ал Давай» атауын бұрынғы продюсері Марлен Нұрмағамбетов берген. Бұлай аталу себебі, Ресейде «Полный вперед» атты топ болған, осы топқа ұқсатып «Ал Давай Дискотека» деп атады, кейіннен қысқартып «Ал Давай» деп қойды.

 

Мұрат Насыров музыкалық училищенің вокал бөлімінде білім алған. «Ялта-91» байқауында бас жүлдеге ие болған. Оған Игорь Крутой бірге жұмыс жасауға ұсыныс білдіреді. Алайда Мұрат келіспеді. Себебі келіссе, өзінің жеке әндерін айта алмаймын деген ойда болады. 1995 жылы Мұрат Насыров әндерін «Союз» студиясына әкеледі. Әншінің даусы продюсерлерге ұнап, «Это лишь сон» атты сингл жазады. «Шаг» әні радиоэфирдің хитына айналды. 1996 жылы Алена Апинованың күйеуі бірге жұмыс жасауға ұсыныс білдірген. Мұрат пен Алена бірге гастролдік сапарға шығады. 1999 жылы әнші ағылшын тілінде ән айта бастайды. 2002 жылы «Разбуди меня» атты альбомы жарық көрген. Альбомдағы бірінші ән ұлы Аким Насыровқа арнап жазылған. 1997 жылы «Золотой граммофон» сыйлығына ие болады.

2007 жылы 37 жасында Мәскеудегі үйінің терезесінен құлап қайтыс болды. Оқиғаның негізгі себебі толық ашылмады. Алматы қаласында жерленді.

Нұрлан Абдуллин Алматы қаласында дүниеге келген. Архитектура институтының түлегі. Кішкентай күнінде ұшқыш болуды армандаған. 35 жасында бизнесін тастап, өнерге аяқ басады. Сол сәттен бастап өзінің нағыз қалауын табады. Әскерде жүргенде ән айтып жүріп, арнайы оқу оқымаса да, мыңдаған адамның жүрегінен орын алған. Нұрлан Абдуллиннің ән қоржынында бірнеше ән және 8 альбомы бар. Әнші өзінің жеке өмірі жайлы халыққа айтуды ұнатпайды. Бірақ жары және ұлы, екі қызы бары белгілі.

Парвиз Назаров Мәскеуде дүниеге келген. Душанбе қаласында балалық шағын өткізген. Негізгі мамандығы бойынша суретші. Екі жыл «Таджикфильм» киностудиясында мультипликатор қызметін атқарған. 1993 жылы Алматы қаласына келген. Келгеннен кейін жеке әнші ретінде таныла бастады. «Белые облака», «Крестная мать», «Берег», «Девочка моя» сияқты бірнеше ән жазды. 1994 жылы Парвиз бен Ситора дуэт құрды. Дуэт екі жыл бірге өнер көрсетті. Кейіннен екеуі жеке әнші ретінде өнер көрсетті. 2010 жылы Парвиз «Я не умею играть на гитаре» атты ән жазды, артынша хитқа айналды.

 

«Рахат Лукум» тобы шоу-бизнеске келе сала, өзіндік орнын алды. Алғашқы альбомдары дүкенге сатылымға шыққан кезде, бірден сатылып кеткен. Кейіннен топтың алғашқы құрамынан Дана кеткеннен кейін, артынша Ксюша да кетті. Ксюша жеке әнші ретінде Xenia деген атпен шықты. Ал топқа Нұрғайша және Кәмшат есімді екі қыз келді. Жаңа құрамның «Танцы с тенью» атты бейнеклипы бірден көпшілікке ұнады. Нұрғайша скрипкада ойнап, топқа жаңаша стильдегі әндер жазды. Кейіннен Нұрғайша «Ұлытау» тобының мүшесіне айналды. Осындай өзгерістерден кейін топта Ленара, Юлия, Xenon атты қыздар өнер көрсетті.

Рахат Тұрлыханов ән айтуды кішкентай күнінен бастаған. 1999 жылы он жастағы «Болашақ» мектебінің оқушысы «Золотой диск» байқауында «Жылдың үздігі» номинациясына ие болды. 2000 жылы әнші алғашқы «Р.А.М.А.Н» деген атумен альбомын шығарды. Альбомның тұсаукесері Мәскеу және Алматы қалаларында өтті. Өнерге келгелі бір жыл ішінде Рахат Ресей, Бішкек, Ташкент қалаларында жүзден аса жеке ән кешін беріп үлгерген. 2001 жылы «А1» музыкалық арнасы әншіні «Үздік әнші» атады. Ал «Золотая монета» бейнеклипы «Жылдың үздік бейнеклипы» атағына ие болды. 2003 жылы «Голосуй страна» ән байқауында «Үздік ер әнші» атанды. «Жүрек үні» әні үздік әндердің үштігіне кірді.

«АВК» тобы әлі күнге қазақстандықтардың жүрегінде ерекше сақталған. Топты көпшілік америкалық «Boyz II Men» тобымен салыстырған. Алайда Ерлан Көкеев бұл оймен келіспейді. «Біз үшеуміз үш түрлі жанрды ұнаттық. Қыдырәлі халық әндерін, Медеу классиканы, мен джазды ұнаттым. Осыдан жақсы топ құрылды. 2002 жылы мен алға қарай жылжу керек екенін түсіндім жіне топтан кеттім. Кейіннен Медеу мен Қыдырәлі дуэтте өнер көрсетіп жүрді. Бірақ сосын топ тарады »,- дейді Ерлан Көкеев.

«ULYTAU» тобы 2001 жылы құрылған. Топ «АВК» тобының продюсері Қыдырәлінің бастамасымен жиналған. Бұл топ өзге топтардан еркше болды. Оларға ұқсас топ болмады. Топ мүшелері Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Паганин, Н.Тілендиев сияқты ұлы тұлғалардың әндерін шырқаған. Домбыра, скрипка, гитарамен топ мүшелері өнер көрсетеді және топтың басқалардан басты ерекшелігі осында. 2001 жылы Голливудта өткен жас музыканттар байқауында бас жүлдені иеленіп, алтын медаль алды.

Қайрат Нұртас Түркістан қаласында дүниеге келген. Алғаш сахнаға он жасында Байқоңыр қаласында шыққан. Сол кездің өзінде бірнеше атақты өнер адамдарымен жұмыс жасаған. Әншінің продюсері, менеджері, жетекшісі өзінің анасы Гүльзира Айдарбекова. Анасынан бөлек алғаш өнер жолына аяқ басқанда М.Беспаев, Н.Өнербеков, Т.Серіков сияқы сахнадағы әріптестері қолдау көрсеткен. 18 жасында жас әнші алғаш рет Шымкентте ән кешін берген. Кеш көрермендері бүкіл залды алған. Сонымен қатар туған күнінде ән кешін беру әнші үшін әдетке айналған. Көптеген өнер жұлдыздарымен бірге дуэтте де өнер көрсетіп жүр. Жастығына қарамастан қазіргі таңда 3 баланың әкесі.

«Нұрлан мен Мұрат» тобы 1996 жылы Атырау қаласында құрылды. Топты алғашында көпшілік үздік топ деп бағалады. Алғаш рет әндерінде қазақша рэп айтты және «Қыз Жібек» операсындағы «Гакку» ариясын қосқан. «Махаббат» атты әнінен кейін «Лейла» атты әндері жарық көріп, дуэт енді поп-форматқа көшті. «Жұлдызым» бейнебаяны көпшіліктің көңілінен шықты.

«МузАРТ» тобы 2001 жылы құрылған. Топтың әншілері Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов. Бір-бірінің талантын байқаған жігіттер топ құруды жөн көрді. Бүгінде елімізде триолар өте көп. Алайда бұл топ эстрададан өзіндік ерекше орнын таба білді. Құрылған жылдың өзінде топты түрлі кештерге, байқауларға жиі шақырған. Н.Әбішұлы жазған «Үш қоңыр» әнін жігіттерге айтуға сеніп тапсырған. 2003 жылы топ «Өз елім» атты ән кешін берді. Қазақстаннан бөлек, шет елдерде де ән кештерін берген. 2006 жылы Түркияның Стамбул және Анкара қалаларында өткізген. 2008 жылы тыңдарманның сұранысы бойынша елде жеке кештерін өткізді.

«Жігіттер» квартеті 2003 жылы төрт жігіттен құралған топ. Продюсерлері Ерғали Абдраимовтың арқасында жігіттер бірінші жылдың өзінде «Арай 2003», «Менің Қазақстаным» сияқты ән байқауларға қатысқан. 2004 жылы алғашқы «Ерке қыз» атты бейнебаяны жарыққа шықты. 2006 жылы Алматыда алғашқы жеке ән кештерін берді. Біраз уақыттан соң «Бақытты бол» атты екінші альбом жазып шықты. Топтың бірінші құрамында Ерсінбек Байжанов, Ердос Қанаев, Еркін Нұржанов, Бағлан Абдраимов сынды жігіттер болды. Еркін Нұржанов кейіннен жеке өнер көрсетуге бел буды. Оның орнына Мырзахан Маханов келді. 2011 жылы топ бірден екі альбом шығарды.

«Urker» тобы 1994 жылы Алматы қаласында құрылды. Топ этно-поп стильде өнер көрсетеді. Бірнеше рет Германия, Франция, Түркия, Ресей елдерінде ән байқауларда бақ сынаған. Топтың «Наурыз», «Туған жер», «Ән мекен», «Туған елім», «Жаным», «Періште», «Махаббат әні» сияқты әндері танымал болды. 2004 жылы «Urker» тобы онжылдық ән кештерін берді. Топта ол кезде 5 альбом, 17 бейнеклипы болды. Топ «Азия даусы», «Жас Қанат» байқауларының лауреаты. Германия, АҚШ, Гонконг, Түркия, Түрікменстан, Ресей елдеріне гастрольдік сапарларда болған. Сонымен қатар, Алматы қаласында «Urker» тобының атымен көше берілген.

 

«Орда» тобы 2000 жылы құрылған. Себебі дәл осы жылы ағайынды Оразбековтер мен ағайынды Беделхандар бірге «Бауыржан шоу» театрында өнер көрсете бастаған. Алғаш 9 мамырда республика сарайында «Белгісіз жан» және «Махаббатым» әндерімен сахнаға шыққан. 2002 жылы топ театрдан жеке шығып, билейтін және ән айтатын топ ретінде құрылған. Осы жылы «Кеш мені» атты әндері жарық көрген. 2003 жылы «Орда» бірінші бейнеклиптерін түсіру үшін Ташкенттегі «Өзбекфильм» киностудиясына аттанған. Жаңа бейнебаян барлық музыкалық арналардан көрсетіліп, жақсы нәтижеге ие болды. «Кеш мені» бейнебаянының жетістігінен кейін топқа Алуа Қонарова екі жыл продюсерлік етеді. Топ Қазақстанда танымал болды. 2004 жылы топ Бангормен танысып, жеке студия салған. Осы студиядан алғашқы альбомдарындағы әндерін жазды. Кейіннен жігіттерге ән жазуда танымал Бағым ханым көмектескен. 2005 жылғы Шымкент қаласындағы концерттен кейін топқа «Шымкент пиво» компаниясының директоры Тоқтар Тулешев қызығушылық білдіреді және ресми түрде продюсері болады. Жаңа продюсермен топ Алматыдағы студияның аппараттарымен Мәскеуде ән жазып, бейнеклип түсіруге аттанады. 2007 жылы топ «Қилы заман», «Jam on» атты әндеріне Мәскеуде ән түсірген. Осы жылы топтағы Дастан Жаннат атты қызбен, ал Ерболат Асыл атты қызбен отау құрды.

«Мотор-Роллер» тобы шығармашылығын 1993 жылы Алматы қаласынан бастады. Топтың негізін Ильяс Аутов қалаған. 2004 жылы «От Бишкека до Алма-Аты» әніне түсірілген анимациялық видеолары Бүкіләлемдік анимациялық фильмдер фестивалінде негізгі жүлделердің біріне ие болды. 2006 жылы «Хроника предсказанного сновидения» атты фильм түсірді. 2007 жылы фильм BBC телеарнасынан көрсетілді. 2006 жылы «Мотор Роллер» Владимир Шахринмен бірлесіп «Утро в деревне» композициясын жазады. Кейіннен бейнеклип Ресейдің телеарналарынан көрсетілді. Сонымен қатар, 2009 жылы «Песня о войне» әніне бейнеклип түсіреді. Артынша ән орыс, ағылшын, украин тілдеріне де аударылды. 2010 жылы топ немістің «Die Toten Hosen» тобымен Алматыда ән кешін берді.

1991 жылы Кирилл Ли «Милашка-малолетка», «Пойдем со мной», «Подруга», «Карина», «Там» сияқты бірнеше хит әндер шығарды. Көптеген хит әндері үшін Кирилл «Қазақ эстрадасының генералы» атанды. Алайда 2002 жылы телевидениеден көрінбей кетті.

«Tristar» тобы 1998 жылы Dr.Fox атымен танымал Сергей Чик, Инга Руфф, Алина алғашқы «Уходи» атты әнін жазған кезден жұмысын бастады. Сергей Чиктің айтуы бойынша топтың аты корей тілінен алынған және керек жерде, керек уақытта деген мағынаны білдіреді. 1998 жылы топ Айя атты дэнс-клубта жеке концерттерін берді. Осыдан кейін топтың жұмысы қыза түсті. Инга мен Алина бұрынғы жұмыстарын тастап, толықтай өнерге бет бұрды. «Tristar» тобы AMM продюсерлік орталығына келеді. Кейіннен «Ангел» атты әніне бейнебаян түсірген. Ол бейнеклип МТВ арнасынан да көрсеіліп жүрді. 1999 жылы алғашқы «Игра» атты альбомы жарық көрді. Артынша топтан Алина кетті. Орнына Юля Романова келді. 2000 жылы сәуір айында топ жаңа құраммен шықты.

Александр Цой автор, әнші, «Танго» тобының жетекшісі. Оның «Гуля», «Динара», «Наклонный город», «Сало» атты әндері танымал болды. 1997 жылы «Хабар» агенттігінің ұсынысымен «Динара» атты әні «Жылдың үздік балалар әні» атанды. 1997 жылы «Наклонный город» әні Республика бойынша Алматы жайлы жазылған үздік ән атанып, бас жүлдеге ие болды.

baistars.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста