Ермек Тұрсынов киносын сынаған Бекболат Тілеуханның деңгейіне баға берді

Ермек Тұрсынов киносын сынаған Бекболат Тілеуханның деңгейіне баға берді

Ермек Тұрсынов  туындысын қатаң сынаған Бекболат Тілеухан, Нұрлан Өнербаевтардың  халық алдында абыройы болғанымен, кино саласында білікті маман еместігін атты.

Себебі, белгілі режиссер “Келін” фильмін 10 жыл бұрын түсіріп, халықараларық талай марапатты жеңгенімен өз елімізде әлі де түсінбейтіндер көп деп отыр

Бұл жайында Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген режиссер, атышулы киноға қатысты тың ақпараттармен бөлісті.

«Бір таңқалатын нәрсе сол «Келін» киносына қатысты әңгіме басылмай келе жатыр. Сол баяғыда бұрқыраған шаң, артымнан қалмай әлі келе жатыр. Сының барлығына үйреніп алдым. Осылай шаңның арасында жүре береді екенсің.

Бір қызығы дау баяғыда болса да, қазіргі көрермендер сол киноны көрмесе де сол әңгімелердің ағымымен жүре береді екен. Мен киноны көрмегенмін, мен бірақ бұл киноға қарсымын деген сияқты. Боғауыз, ұятсыз кино дейді көпшілік. Сондай пікірлерді жиі естимін», – дейді Тұрсынов.

Түрсыновтың айтуынша, отандық көрермендер «Келін» фильміндегі оқиға желісін ұқпаған. Атышулы картинаның талай мәрте сын садағына іліккені сондықтан деп отыр.

«Осы «Келін» шыққаннан кейін, біздің қоғам екіге бөлінді. Біреулерге фильм қатты ұнады. Көбісіне ұнаған жоқ. Ұнамағанда көбісі бұл фильмді түсінген жоқ. Бұл киноны түсіну үшін әжептәуір мәдениет жағынан, әдебиет жағынан дайындық керек.

Бұл киноны надан, қараңғы адам қараса әрине көптеген нәрсені түсіне бермейді. Тыр жалаңаш жүрген қызды қабылдай алмайды. Әлемнің өнер тарихына көз жүгіртсек Грецияны алайық, Мысырды алайық. Олар әйел адамның денесінің әдемілігін көрсетіп, сүйсіне қараған. Мүсіндер, суреттер соның дәлелі.

Меніңше бұл жерде ешқандай ұят нәрсе жоқ. Абай, Ақтанберді жырау, Шал ақындардың барлығы кезінде әйелдің әдемілігіне сүйсіне қарап, шығармаларында келтірген», – дейді Ермек Тұрсынов.

Даулы картинада басты рөлді сомдаған Гүлшарат Жұбаева отандық БАҚ өкілдерінің біріне берген сұхбатында, ұятсыз қойылымдарға келіспегенін алға тартып, режиссердың алдағанын айтқан-ды!

Алайда, Ермек Тұрсынов «Келіннің» кейпіне енген актриасаның бұл сөзін жоққа шығарды. Сондай-ақ, қос тараптың арасындағы қарым-қатынасқа сызат түспегенін де тілге тиек етті.

«Гүлшаратты көп болды көрмегелі. Дұрыс болатын қарым-қатынасымыз. Әрине, ол қызға бір жағынан қиын болды. Әсіресе, біздің қоғамымызда әйел затына, қыз баласына салмақ өте ауыр түсті. Мен үшін бәрібір ғой. Ал, ол жас қыз, қалада болмаған. Ол өзі Нүкіс жақта туып өскен.

Орысшаға сәл шорқақтау. Бірден келіп осындай киноға түскеннен кейін дау шыға бастағанда әрине ол қызға қиын. Бір жағынан мен оны түсінемін әрі аяймын. Кейбір сәттер де жылады. «Аға, ел сөйлеп жатыр. Енді мен күйеугет шыға аламын ба, жоқ па» – деп жылады. Әке-шешесі ұрысқан көрінеді.

Осындай түрлі әңгімелерден кейін басылып қалған шығар. Бір журналистер асыра сілтеп жіберген шығар.Оның актерлық таланты өте биік. Бір ғана рөлімен танылды. Менің ойымша Гүлшарат әр түрлі киноларға түссе де, бәрібір оны «Келін» ретінде қабылдайды», – дейді «Келін» картинасының режиссеры.

Режиссердың сөзінше, кезінде қазақ қоғамында қызу талқыға түскен картинаның халықаралық кино додаларда қанжығасы бос қайтпаған.

«Голливудта 236 фильмнің ішінен іріктеліп «Ең үздік шет елдік фильм» номинациясына ілініп, тоғыздыққа кірген. Қазақстанда мұндай жетістік әлі болмаған. Бірде-бір қазақ киносы Оскардың тоғыздығына енбеген.

Ол бір. Екіншіден бұл фильм 24 халықаралық кинофестивальде гран-при алған. Сонда гран-приді беріп жатқан адамдардың бәрі надан ба?

Біздің депуаттарымыз Бекболат Тілеухан, Нұрлан Өнербаевтар шет елдік кәсіби мамандардан асып түседі ме? Жоқ, әрине! Мен ондай пікірлермен келіспеймін», – дейді Ермек Тұрсынов.

Stan.kz
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста