«Ең бастысы, тіріміз»: Мейіржан Төребаевқа сот үкімі шыққаннан кейін әйелі жазба жариялады
Кеше белгілі вайнер Мейіржан Төребаевқа 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен сот үкімі шыққан болатын. Үкімге қатысты вайнердің әйелі Дана Есеева Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Nur.kz сайты.
Дана Есеева желіндені жазбасында соттың әділетсіз шешімін сынға алып, өз статусын ғана ойлаған сотқа адамның тағдыры маңызды емес екенін жеткізді.
"Менің жүргеімнің түбінде үміт бар еді. Эмоцияға беріліп отырғанымды жасырмаймын, анам қасымда. Кішкентайынан елдегі озбырлық пен жүйе дегеннің не екенін түсінетін балалар да көз жасын сығып отыр", - деп жазды вайнердің жұбайы.
Вайнердің әйелі жазбасында өмірдің бітпегенін, әрі қарай әрекет жасай беретінін атап өтті.
"Бірақ! Осыған дейін айтқанымдай, әділдік пен шындық үшін соңына дейін барамын. Бұл соңғы саты емес. Ең бастысы, тіріміз. Ұзақ уақытты алса да, бірақ мен әділеттілікке жетемін. Барлық факті мен дәлелді бірнеше рет келтірдім. Түсінуімше, мәнсіз", - деп жазды ол.