Бекжан Тұрыс ұйғыр ма?

Бекжан Тұрыс ұйғыр ма?

«Әзілің жарасса, атаңмен ойна» дейтін қазақ қалжың-қағытпаны қашан да теріс көрмеген. Тап осы күнді арнайы атап өтпесе де, дәл осы күнді аңсап күтіп, қалжың көтерер құрдасын сан соқтырып алдап кетуді мұрат етпесе де, қазақ әдемі әзілдің бағасын қадам заманнан білген де, бағалаған да. Жан тапсырып жатып та әзілдеп кеткен актерлер болыпты. Себебі әзіл түбі – зіл, зілдің түбі – шындық. Ал адам көңіл түкпірінде үнемі шындық іздеп жүретінін өзі де сезбейді. Бұл күлкінің бір қыры болса, ең басты қыры, күлкі – жанның шипасы. Бір рет жақсылап тұрып күлгеннің денсаулыққа пайдасы зор екенін екінің бірі біледі. Әзілдескенді жақсы көретін, ойнамаса ойындағысының бірі кем боп тұратын көңілді жандар қай театрдан да табылады. Балдай тәтті әзілімен төңірегін базар жасап, отырған жерін ду-ду күлкіге көметін тілі уытты артистер қалжыңға бір иығын беріп тұрмаса ішкен асы бойына тарамайды – юмор мен сатираның ордасы да осы театрлар. Назарыңызға кешегі күннің әзілі мен бүгінгі толқынның қалжыңын қатар бердік, күліңіз, күлкі өмір жасты ұзартады...

 Қайынжұртқа еркелеп...
Қалыбек Қуанышбаев дүние салғанда, оның сүйегіне түсушілердің ішінде Серке де болыпты. Қалыбекті жуындырып, енді киіндіре бастайды. Сонда кеше ғана құлын-тайдай шұрқырасып жүрген аяулы достың жансыз денесін батыл ұстап, киіндіре қою кім-кімге болса да оңай соқпай, күйзеліс үстінде тұрғанда Серке:
«Бол тез, қайын жұртыңа келгендей боп былқ-сылқ етпей, киін шапшаң!» – деп Қалыбектің киімін кигізе бастайды.
Көңілдері босап, бей-жай болып тұрғандар әлгі сөзді естігенде шынымен-ақ Қалыбек тірі жатқандай, еркелеп жатқандай сезімге бөленеді. Бұл әрине, Сері ағаңның көпті көргендігіне қоса, рухының беріктігі ғой.

Өзің көрген жеңгеңмен...
Аз уақытта екі-үш күйеуге шығып үлгерген актриса бір күні театрға келіп, тағы да тұрмысқа шыққанын айтса керек. Әріптестері сыпайыгершілік жасап «құтты болсын!» айтады. Тек Серке Қожамқұлов қана томсарған күйі үнсіз қалады.
– Сіз мені неге құттықтамайсыз? – дейді актриса.
– Сені құттықтай-құттықтай тіліміз жауыр болды ғой. Тіл байғұсты қашанғы қинай бермекпіз? – дейді Серағаң.
– Сіз бар ғой, біртүрлі адамсыз осы, – дейді актриса ренжіп.
– Оның рас, біртүрлі адаммын. Бірнеше түрлі болу қолымнан келмейді. Сондықтан да өзің көрген жеңгеңмен әлі келем өзгермей, – деген екен Серағаң сонда күлімсіреп.

«Өзіміздің бала...»
Бекжан Тұрыстың ҚР халық артисі Нүкетай Мышбаева апасымен қатты қалжыңдасатын әдеті бар. Несі бар, қалай қалжыңдаймын десе де еркі – өз апасы. Қазақстанның төрт бұрышындағы қалалардың бәрінен әлдебір табынушысы болып хабарласып, Алматының төрт бұрышына кездесуге шақырып, әбден салпақтатып шаршатса да, апасының шекесіне бір тимеген – өткен жолы ғана алданғанына қарамастан тағы да әзілқой бауырының әлегі мол қалжыңының қақпанына түсіп қалып жүргені. «Бірде,–дейді Бекжан Тұрыс,– шалдың дауысына салып, апама телефон шалдым. «Нүкетай, бұл сен бе?» «Ия, мен». «Мен Сәлкен деген академик ағаң боламын. Нарынқолданмын». «Ә-ә-ә, білем ғой, білем». Мен булығып өліп тұрмын, Сәлкенді ойдан шығарып алғанмын, сонда апам оны қайдан біледі? «Нүкеш-ау, базына дейсің бе, наз дейсің бе, өзің біл, мен жалпы мынау театр туралы әңгіме айтайын деп едім өзіңе. Мына театрды неғып жібердіңдер? Театр ұсақталып кетті ғой. Кешегілердің үні қайда, театрға барсақ бәрі сақау, бәрі мақау. Кешегі өздеріңнің дауыстарың қандай еді! Анау Фариданың, Торғынның, Зәмзәгүлдің үні, шіркін, естіген адамның есінен тандыратын еді ғой! Ыдырыс пен Әнуарлардың сөз саптауы қандай еді! Өздеріңнен кейін іздеріңді басатын шәкірт те тәрбиелемепсіңдер-ау. Қандай өкінішті. Қазіргі жастардың дауысы аузынан емес, артынан шығады. Қазір өзі «ов» пен «ев»-ті алып тастағаннан кейін ажырату да қиын болып барады – анау Қаптағай Бауыржан деген кім? Қаптағай аты ма, әлде Бауыржан ба?» «Бауыржан, Бауыржан» деп жатыр апам. «Міне, сол жігітте кешегі Ыдырыс, Әнуарлардың белгісі білінеді». «Ой, айтпа, керемет, ол өзіміздің жақтың баласы ғой, Нарынқолдың баласы». «Ммм, өзіміз жақтан ба? Жақсы, жақсы. Сосын анау жастардан Ерлан Біләл ма, Біләл Ерлан ба, аты-жөнін шолтитып тастаған соң біле алмаймыз, сол да өзі былай дұрыс бала көрінді». «Ерлан Біләл ме, ол да өзіміздің бала – Нарынқолдыкі. Ой, айналайын, өзі жас болса да ғажап актер» деп мақтап ала жөнелсін. «Тағы да кім бар өзі театрларыңызда? Анау Тұрыс па ... Бекжан ба еді?..» деп келе жатыр ем, «Бекжан Тұрыс» деп апам іліп ала кетті. «Әәә, ия, ия, сол бала да былай жаман емес сияқты» дей беріп ем, апатайым: «Ой, ол бала 25 жасынан бері менің шалымды ойнап келе жатыр. Керемет мықты актер. Ол да біздің жақтан – Нарынқолдан» деп алып, апам аттың басын жіберіп мақтасын бір. «Білмеймін, не бір дұрыс актерлік фактурасы жоқ, шалдан басқа дұрыс ролі де жоқ, сондай адамдарды қалай ұстап жүрсіңдер сахнада?»дегенім сол еді, апам: «Ия, ол Ұйғыр ауданының баласы ғой» деп салсын. Шыдай алмадым, қарқылдап кеп күлейін. «Ай, апа-ай, сөйтіп мені ұйғырға саттыңыз ба?» деймін күлкімді тыя алмай. «Әй, шешек, шешек-ай, көрдім-ау осы сенен...» деп апам да абдырап жатыр.

Ашымал көженің ашуы
Театр артисі Омар Қиқымның үйіндегі жеңгей жазды күндері бидай көже ашытатын көрінеді. Оны Омар ағамыз үнемі театрдағыларға тасып, шөлін басып, рахметін алып жүреді екен. Ай бойы тасымалданып келе жатқан көже бір күні аяқ астынан кілт тиылады. «Омеке, көже...»,– дейді ашымалдың дәмін алып қалған інісі Бекжан Тұрыс. «Ой, сол көже ашымай қалыпты». Күндер өтеді, аунап апта да кетеді. Көже әлі жоқ. «Омеке, осы күнге дейін неғып ашымайтын көже ол?» «Ашымай жатыр, сол...» . Шыдамай кеткен Бекжан: «Маған бәрібір, Омеке. Күн бе, түн бе, ерте ме, кеш пе, үйіңізге звандаймын да ашыған көже сұраймын»,– дейді. «Сұрай бер, құлыным, сұрай бер», – дейді ағасы саспастан.
Бірде Талдықорған жаққа тойға барып, түнгі 3-терде үйіне оралған Бекжанның жуынып жатқанда сап етіп әлгі сөздің есіне түсе қалмасы бар ма? Түн ортасы үш жарымда Омар ағасының үйіне телефон соғады. Тұтқаны жеңгесі алады. Беймезгіл уақыттағы қоңыраудан шошынып, ұйқылы-ояу күйде тұтқаны күйеуіне  береді. «Омар, Омар, мә, Бекжан ғой»,– дейді жеңгесі тұтқаны беріп жатып. «Алло, алло, Бекетай, не болды?» «Аға, көже ашыды ма?» «А-а-а...» «Көже ашыды ма деймін». Пауза...  «Әй, енеңнің... адам емес екен ғой мынау» деп тұтқаны тарс еткізеді. «Қатырдым» деп мырс-мырс күлген Бекжан шомылып алып, ұйықтап кеткен екен, есікті біреу аяусыз дүрс-дүрс еткізіп қос қолдап тұрып ұрғанынан шошып оянады. Қараса, таң әлі атпаған, мөлшері 5-тің шамасы. «Кім?»  «Мен!» Ашса, Омар ағасы. «Әкеңнің аузы... дерт! Мә, мынаны іш те, өл!» дейді де, екі қолындағы екі пакетті дүрс еткізіп жерге қояды...

Бұрқыраған ақша мен Боранбаевтар
Асылбек Боранбайдың оқу бітірмей тұрып, театрға жаңадан келіп ойнап, жалақы ала бастаған кезі. Ол кезде айлықтың мөлшері аз. Оның үстіне өзі студент. Артистер жалақысын жалғыз көзді кассадан алады. Телміріп, әлгі тесікке үңіліп, кассир қол қоюға ұсынған қағазды алып қараса, «А.Боранбаев» деген фамилия қатар-қатар екі жолда жазулы тұр екен. Асылбек ойланбастан бірінші тұрған Боранбаевтың тұсына ойқастатып тұрып қолын қойып, айлығын қалтасына салып, былай шыға беріп санайды. Қалай санаса да, бұрқыраған көп ақша. «Мен студент едім ғой, бұл не деген көп ақша, оны маған неге берді?» деп он ойланып, мың толғанып, басы қатып келе жатса, дәліздің арғы басынан «Ә-ә-ә-й, иттің баласы, бері кел» деген дауыс шығады. Қараса, Халық артисі Әнуар Боранбаев. «Не болды, аға?» «Әй, ит-ау, менің айлығымды алып кетіпсің ғой, әкел бері, мә, өзіңдікін ал» деп, төрт-бес түйір қағаз ақшаны қолына ұстата беріпті. Сонда режиссерлердің бірі: «Ей, Асылбек, бұдан былай сен Ас.Боранбаев бол, ал Әнуар мас. Боранбаев болсын» деген екен.

«Где баян?»
Бірде театрдың бір топ артисі Талдықорғанның түбіндегі Текелі қаласына гастрольдік сапармен барады. Өз жерлесі болған соң Құман Тастанбековке талдықорғандықтар айырықша құрмет көрсетіп, қайтар кезінде ағамыздың баян аспабында жақсы ойнайтынын ескеріп, әдемі баянды сыйға тартуды да ұмытпайды. Алматыға аттанар кезде жолайырық жасап, барынша ілтипат танытып, қимай-қимай қоштасып шығарып салады. Тап Алматыға кіреберістегі «КамАЗ орталығы» деген тұстан актриса Баян Имашева түсіп қалады да, қалғандары қалаға келіп кіреді. Сонда ғана жерлестерінің баян сыйлағаны есіне түскен Құман ағамыз жас актер Елжан Тұрысқа: «Где баян?»,– дейді. Апайының жолай түсіп қалғанын көзі шалған Елжан ойланбастан: «ол кісі түсіп қалған»,– дейді. «Ей, түсіп қалғаны несі, где баян?» деп ашуға ерік берген ағамыз екі көзі шатынап, орнынан көтеріле береді. «Түсіп қалған деймін, аға». «Ей, ты че, қалай түседі ол, неге түсіресің сен?» Түкке түсінбеген Елжан да: «мына кісі қызық па өзі?» деп түтіге бастайды. «Аға, не десеңіз де, ол түсіп қалды». «Ей, сен ақымақсың ба өзі, неге түсіресің оны?» Мәссаған! Мына кісі не деп тұр? «Аға, Баян апай КамАЗцентрден түсіп қалған әлгінде». Баяндардың байыбына енді ғана бойлаған Құман ағамыз не дерін білмей, сылқ етіп отыра кетіпті. Ал баянды ағасына көтертпей, жас актер Елжан Тұрыс Газель көлігінің алдыңғы орындығына әкеп қоя салған екен...

Дайындаған Айгүл Аханбайқызы
skifnews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста