Марқұм тележүргізуші Бейсен Құранбектің отбасы тағы да қара жамылды. Тележүргізушінің әкесі қайтыс болды.
Бейсен Құранбектің әкесі көз жұмды, деп мәлімдеді сенімді дереккөз. Құранбеков Абай Жанысбекұлы ұлы мен жарының соңынан мәңгілік мекеніне аттанып кете барды. Марқұмның неден қайтыс болғаны туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.
Биылғы жылдың мамыр айында танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек өмірден озды. Тележүргізушінің қырқы болатын күні аяулы анасы бақиға аттанған еді. Марқұмның отбасы ғана емес, күллі қазақ қайғыдан қан жұтты. Желіде Бейсен Құранбек туралы ізгі естеліктер мен сағынышқа толы жазбалар, хаттар толассыз жарияланып жатты.
Stan.kz редакциясы марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтады.