Осы орайда балалық шағын болашағына арнап, кішкентайынан өнер көрсетіп келе жатқан жұлдыздардың тізімін назарларыңызға ұсынамыз.
Мейрамбек Бесбаев
1992 жылы Мейрамбек Бесбаев «Прощаться не хочу» фильміне түскен. Фильмдегі жас Мейрамбектің орындауындағы «Алғашқы махаббат» әні талай көрерменнің жүрегінен орын алған.
Қазір Мейрамбек Бесбаев еліміздің сүйікті әншілерінің бірі.
Мадина Садуақасова
Мадина Садуақасова үлкен сахнаға 1992 жылы «Әнші балапан» байқауы арқылы келген.
«Әнші балапаннан» кейін Мадина басқа да көптеген ән байқауларда бақ сынайды. Әсіресе, оның «Музыкальный вояж» байқауында көрсеткен өнері көрерменнің есінде ерекше сақталып қалған. 1999 жылы әнші «Жас Қанат» байқауында бас жүлдені иеленген. Осы жерде ол ең алғашқы рет Роза Қуанышқызымен кездесіп, дуэтте ән салуға мүмкіндік алған. Сол жылы Мадина «Азия Дауысы» ән байқауында да керемет өнер көрсеткен.
Дильназ Ахмадиева
Дильназ ең алғаш 4 жасында «Волшебное яблоко» атты фантастикалық фильмге түскен. Кейіннен ол сол кезде танымал болған «Аист на крыше» әнін Алматы қаласындағы Ұйғыр театрының сахнасында орындаған.
10 жасында қазақстандық телеарна оны 30 минуттық бағдарламаға түсірген. 1993 жылы Дильназ алғашқы рет Алматы қаласындағы Республика сарайында ән салған.
Жанар Дұғалова
«Turkvizyon-2014″ Жанардың ең алғашқы байқауы емес. Оның есімі халыққа танылғанына көп уақыт болған жоқ, дегенмен әнші сахнада бала күнінен өнер көрсеткен. Ол «Әнші балапан» және «Жас Қанат» байқауларына қатысып, жеңімпаз атанған.