Баян Мақсатқызы еліміздің секс-символы Қайрат Нұртас екенін атап өтті. Продюсердің пікірінше, қазіргі қыздардың мүмкіндігі болса, Қайрат Нұртасты таңдайтынын айтты деп хабарлайды «TalkLike» бағдарламасына сілтеме жасағанNUR.KZ.
«Әйелдер Қайрат Нұртасты қалайтынын жасырмай айтады. Мұның өзі біраз нәрсені анықтап тұр. Қазақстанның замануи секс-символы Қайрат Нұртас», - деп атап өтті.
Сондай-ақ продюсер өзін символ санамайтынын айтты. Продюсердің айтуынша, қазақстандық ер адамдар қыздың сұлулығын тек іштей бағалағанымен, ашық түрде айта алмайды екен.
Ал қазақстандық қыздар арасында Кәмшат Жолдыбаеваны секс-символ деп атады.
«Оның нәзіктігі, оның салалы саусақтары, оның тартымды келбеті мен ернін өзгелер сөз еткенімен, ашық айта алмайды. Менің ойымдағы, секс-символ ол Кәмшат Жолдыбаева», - деді Баян Мақсатқызы.