Әзілкеш Аманғали Сыпабековтің ағасы қайтыс болды
Әзілкеш Аманғали Сыпабековтің отбасында ауыр қайғы. Аманғалидің ағасы өмірден озды. Қаралы хабарды әзілкештің өзі хабарлады.
"Ее Аллахым рахымыңа алшы көкемді... Менің халыққа танылуыма үлкен себепші жан еді, елдің алдына үстол қойып, "сен өнер адамысың, тік тұрда ән айт "деуші еді марқұм. Өткір еді, тұлға еді, адамға руһ беріп жүруші еді жарықтық.
Қандай қазақ болуында емес, қандай ғажап болуыңда" деуші еді ұраны. Ауырмаңыздаршы, жүрек жақындарыңыз аман болсыншы әмин! Алиев. Сембек. Сыпабекұлы қайтты", деп жазды әзілкеш.
Өнердегі әріптестері мен желі қолданушылары көңіл айтып, қайырлы болсын десті.
"Алла рахымына алсын", - деді Ғазиз Ерболат.
"Иманды болсын, жақсы аға еді,бала кезімде көп көріскен кісім еді", - деп жазды Досымжан Таңатаров.
"Иманды болсын Алла алдынан жарылқасын", "Аллахым рахымына алсын бауырым", "Аллах рахмет етсін жатқан жері Жаннатта болсын", - деп жазды желідегілер.