Отандық танымал актер Артур Төлепов алғаш рет әке атанды. Ол өзінің қуанышты жаңалығын Instagram парақшасы арқылы бөлісіп, көпішіліктен сүйінші сұрады деп жазады NUR.KZ.
Актердің жары Мадина ұл баланы өмірге алып келген.
"Сүйінші! Біз ата-ана атандық! Негізі періштемізді көктемде күткенбіз. Бірақ "7 айымда да адам болам" дегені шығар, бүгін есік қағып келіп тұр. "Әлі кішкентай ғой" деп айтқым келмеген. Бірақ көптің тілеуі көл болар, батырымызға дұғада болыңыздар!", - деп жазды Артур Төлепов.
Ал желі қолданушылары оған ақ тілектерін аямай жаудырған.
"Құтты болсын", "Батырдың бауы берік болсын", "Құттықтаймыз", "Сәбидің ғұмыры ұзақ болсын", "Өмірдегі бар жақсылықты тілейміз", - деп жарыса жазды желідегілер.
Айта кетейік, Артур Төлепов өткен жылдың маусым айында шаңырақ көтерген болатын.
Талай қыздың жүрегін жаулаған актер сүйіктісімен мейрамханада танысқан.
Досының тойына барған Төлепов администратор қызды ұнатып қалған.