Бұл жайында «Қазақ әуендері» АҚ Президенді Асхат Маемиров жария етті. Айта кету керек, 2013 жылдан бері «Гүлдер» ансамблін Бақтияр Тайлақбаев басқарған болатын.
1974 жылдың 4 мамырында Батыс Қазақстан обысы, Орал қаласында дүниеге келген сазгер өнер жолына алғаш Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы консерваториядан бастайды. 1997 жылы осы оқу орнын бітіре сала бірақ ол Алматыда қалмай, Түркістан қаласындағы ашылғанына көп болмаған Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі Өнер факультетінде ұстаз болып бастаған. Алматыға араға алты жыл салып 2003 жылы айтарлықтай тәжірибемен оралған А.Дүйсенов «Хабар» агенттігінде музыка редакторы жұмысына кірісті. 2014 жылға дейін телеарна саласында жүргенмен дарынды сазгер Қыз жиырмаға толғанда», «Ең әдемі келіншек», «Ақ босаған арың», «Жүрейік жүрек ауыртпай» сынды бірнеше спектакльдер мен «Әпке», «Трактористтің махаббаты» сияқты т.б бірнеше көркем фильмдерге арнайы музыка жазып үлгерді. Сондай-ақ Арман Дүйсенов әндерін Ұлықпан Жолдасов, Алтынай Жорабаева, Роза Рымбаева, Бауыржан Исаев, т.б әншілер мен «Музарт» секілді бірегей топтар орындап жүр.
bmtv.kz
Арман Дүйсенов «Гүлдердің» директоры
Читайте также
Жұлдызы жарасқан жұптар немесе жұбы жарасқан жұлдыздар
Бүркіт, әнші: "Қазақтың қызы табылмады ма?" деген сынды жиі естимін
Атақты асабалар: кім қанша сұрайды?
Қазақстандық белгілі джаз әншісі Жанна Саттарова қатерлі ісікке шалдықты
Қазақ эстрадасындағы жарасымды жұптар (фото)
Қазақтың 100 әншісі жабылып бір Бейонсенің табысына жете алмайды
Последние статьи автора