АЙГҮЛ ИМАНБАЕВА: «ОСЫ ЖАСҚА КЕЛГЕНГЕ ДЕЙІН ЖАҚСЫНЫ ДА, ЖАМАНДЫ ДА КӨРДІМ»

АЙГҮЛ ИМАНБАЕВА: «ОСЫ ЖАСҚА КЕЛГЕНГЕ ДЕЙІН ЖАҚСЫНЫ ДА, ЖАМАНДЫ ДА КӨРДІМ»

 Бүгін әнші, актриса, тележүргізуші Айгүл Иманбаеваның туған күні. Талантты өнер иесі бүгін 38 жасқа толды.

Айгүл Серікқұлқызы Иманбаева 1977 жылы 15 наурызда Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен ауылында дүниеге келген. Орта мектеп кезінен бастап музыкаға жақын болған Айгүл баян класын аяқтап шығады. 1994-1998 жылдар арасында Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын сәтті аяқтап шығады. 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің магистратурасына журналистика факультетіне тапсырады.

1998 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы колледжде ұстаздық қызметіне қабылданады және сол уақыт арасында Ғ. Мүсірепов атындағы академиялық театрға актрисалық қызметіне жұмысқа тұрады. 2001 жылы Хабар арнасындағы «Ұят болмасын» бағдарламасының жүргізушісі әрі келіннің образын алып шығады. 2001 жылы алғаш рет ұйымдастырған Республикалық көлемде өткен әзіл ысқақ жарысында әншілерге пародия жасағаны үшін бірінші орынды жеңіп алады. Театр қабырғасында әр түрлі сарындағы образдарды ойнап үлгерген. «Қыз Жібек» спектакілінде Жібек рөлін, «Пай, пай, жас жұбайлар ай» спектакілінде Ғазиз рөлін, «Таланған тағдыр» Гүлжан рөлін, «Алма бағы» спектакілінде Алма рөлін, «Көгілдір такси» қойылымында Клара рөлін т.б. рөлдерде тамаша ойнап шыққан. Кино саласында да біраз жетістіктерге жетіп үлгерді. 2004 жылы Мосфильм түсірген «Человек ветер» фильмінде Шолпан атты қыздың рөлін сомдап шықты. Отандық кинорежиссерлердің де біраз туындыларының басты рөлдерін сомдап шықты. 2005 жылы «Сүйінші» фильмінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің анасының рөлін сомдап шықса, 2010 жылы Баян Есентаеваның продюсерлігімен әрі барлық өнер адамдарының қатысуымен түсірілген «Ғашық жүрек» атты кинода басты рөлдердің бірі Майра Итаяқованың образын сомдап шығады. 2011 жылы аталмыш фильмнің екінші бөліміне де түседі. Эстрада саласына 1999 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді. Қазіргі таңда 10 бейнеклипі, отыздан астам әндері бар. 2007 жылы ең алғашқы «Таңғы елес» атты жеке шығармашылық кешін өткізді. 2006 жылы Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері атанады. 2011 жылы жеке «А.И» драма театрын ашады.

Өнер иесін бүгінгі туған күнімен құттықтаймыз. Зор денсаулық, мол бақыт және әйел бақытын тілей отырып, сұхбаттарында айтқан қызықты да мәнді әңгімелерін назарларыңызға ұсынамыз.

Саяси қайраткер ретіндігі идеалы бар. Н.Ә. Назарбаев, И.Н. Тасмағамбетов.

Хоббиі. Би билеу, вокал және спортпен айналысу.

Өнер иесі бақыт дегенді жанының тыныштығы деп түсінеді. Біреулер бақытты жар сүю, бала сүю деп ойлайды, ол да дұрыс. Менің ойымша, бақыт деген – жүрегіңнің, жаныңның тыныштығы. Ұйқың тыныш, уайымың жоқ болса, міне, сол бақыт. Егер жаның тыныш болмаса, барлық ауруды да табасы. Сөйтіп, өз-өзіңмен арпалысумен өмірің өте береді. Ал мен жан тыныштығын, бақытымды таптым

Елін, жерін шексіз сүйеді, нағыз патриот. Құдайға шүкір, мен өз елімнің патриотымын. Жүрегінде, көкірегінде «қазақ» деген намысы бар адаммын.

Айгүлдің ойынша адам баласы үнемі білімін ұстартып отыруы керек. Мен үшін шетелге барып демалу, баламмен сырласу, кітап оқып, білім деңгейімді жетілдіруге қолайлы мүмкіндік сыйлайтын сәт. Өйткені адам баласы білімін ұстартып отырмаса, күндердің күнінде «барабан» образында қалуы мүмкін.

Өмірлік ұстанымы ерекше. Абай атамыз айтқан ғой, артыңда із қалғанда ғана мәңгілік өлмейтін адамға айналасың деп. Сол сияқты мен де сол жолда еңбектенемін. Адам, жалпы, тарих үшін жұмыс жасау керек. Талмай еңбек етсең, ол саған жемісін, жеңісін бермей қоймайды. Тек адал жолда жүрсең болғаны… Міне, менің ұстанымым осындай.

Талантты өнер иесінің айтуынша өмірде қанша сүрінсең де, еш мойымау керек. Осы жасқа келгенге дейін жақсыны да, жаманды да, ащыны да, тұщыны да көрдім. Өмір болған соң, шындықты да, өтірікті де барлығын кездестіріп, басыңнан өткізе бересің. Осыларды тоқи алатын түйсігің болса, сараптайсың. Сүрінсең де, жығылып барып қайта тұрсаң да, оның бәрі сабақ. Сондықтан, мойымау керек.

Сынап, қолдап, қанаттандырып отырған жаратқан Аллаға сенеді. Мен жүрегіммен тылсым күштің, құдіреттің бар екенін сезінем. Мүмкін мен күндіз-түні «Алла жар болсын! Алла разы болсын! Құдайға шүкір!» деп көпшіліктің алдында айтпайтын шығармын, бірақ жүрегіммен Алла тағаланың назарында екенімді, Алла тағаланың күнде мені сынап, күнде мені қолдап, қанаттандырып отыратынын жүрегімнің ішінде сезем. Осы бір Алланың құдіреті мені көтеріп, абыройымды асқақтатып, алақанына салып тұр.

Өнердегі және өмірдегі ақылшысы бар және оларға шексіз риза. Өмірдегі бірінші ақылшым да сыншым да — анам. мірден өз орнымды табуға көмектескен, қиын кездерде үнемі қолдап, дем беретін, мені түсінетін де, кешіретін де жалғыз анашым Ал өнердегі жол сілтеушім — Баян Есентаева. Баян екеуіміздің өнерге деген көзқарастарымыз бірдей. Ол өз ісінің шебері.

Мұңын да, сырын да бөлісетін жақын достары бар. Өнерде жүрген барлық әріптестеріммен жақсы араласып, сыйласып тұрамын. Бәріне тілекшімін. Көрген жерде сәлеміміз түзу. Ал менің достарым саусақпен санаулы ғана. Үш досым бар. Біреуі Ақтауда, екеуі Алматыда. Назгүл, Гюль, сосын Айнагүл деген бала кезімнен бері келе жатқан досым бар. Сырымды да мұңымды да осылармен бөлісемін.

Өмірде жағымпаздықты ұнатпайды. Мен ешқашан біреуге жағыну үшін жақсы болып көрінбеймін. Ет пен сүйекке біткен мінезіммен өмір сүріп келемін. Шынайылықты, қарапайымдылықты жақсы көрем.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста