Айдай Исаева «Әлем аруы-2014″ байқауында бақ сынайды

Айдай Исаева «Әлем аруы-2014″ байқауында бақ сынайды

«Мисс Қазақстан-2013» байқауының жеңімпазы Айдай Исаева Қазақстанның намысын «Әлем аруы-2014» сұлулық байқауында қорғайды. «Әлем аруы-2014» байқауы 25 қаңтарда АҚШ-тың Майами қаласында өтеді. Байқау биыл 63-рет дәстүрлі түрде өткелі жатыр және әлемнің 125 елінің сұлуы байқауда бақ сынамақ. Қазір сұлу бойжеткен Майами қаласында байқауға қызу дайындық үстінде. Айдай күнделікті әлеуметтік желілерде өзінің дайындық кезіндегі суреттерін жариялап отыр. Дайындық өте қарқынды жүріп жатқан көрінеді.

Айдай Исаева Шымкент қаласының тумасы және Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. Қазіргі таңда ол Алматы қалалық №1 емханада отбасылық дәрігер болып қызмет етеді. Байқауға байланысты емхана басшылығы бойжеткенді жұмыстан босатып, 3 айға ақысыз демалысқа шығарған. Байқауға дейінгі 3 айда Айдай уақытын фитнес залдарға, телеарналарға сұхбат беруге, ағылшын тілін үйренуге арнады және байқауға қызу дайындалды. Сондай-ақ, «Әлем аруы» байқауында киетін көйлектерін сұлуға отандық дизайнерлер Аида Кауменова және Наиль Байкучуков арнайы тікті.

Сұлу бойжеткен осыған дейін «Шымкент аруы», «Университет аруы», «Мега аруы», «Алматы аруы», «Қазақстан аруы» сынды сұлулық байқауларына 17 жасынан бастап қатысып, бағын сынаған. «Әлем аруы» Айдайдың қатысып жатқан он бірінші байқауы. Енді аруымыз «Әлем аруы» байқауының үздік ондығына кіруді көздеп отыр.

«Әрине, жеңіс менде болады деп артық айтқым келмейді. Бірақ, еліме барымды салуға уәде беремін. Өзіме артылған үмітті ақтауға барынша тырысамын. Негізгі мақсатым – үздік ондықтың қатарынан көріну»,-деп аруымыз бір сұхбатында хабарлаған болатын.

Ғаламшардың ең сұлу қызы 25 қаңтарда ақтық сында белгілі болады. Конкурс барысы 200 елде тікелей эфирде көрсетіледі. Жеңімпазға тәжді «Венесуэла аруы» атанған Габриэла Ислер кигізеді.

Осыған дейін Қазақстанның намысын қорғауға барған сұлуларымызға жеңіс бұйырмады. Осы орайда Айдай Исаеваға сәттілік тілейміз және аруымыз жеңіс тұғырынан көрінер деген сенімдеміз.

baistars.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста