«40 күндік дұғамды оқығандар айлығын өсіріп, жұмысқа тұрып, пәтер алып жатыр» - Құралай ханым

«Сәресі ішіп, намаз оқып болған соң күн шыққанша ұйықтамаған дұрыс екенін имамдар да айтады. Сол уақытта дұға оқып, тілек тілеген абзалырақ. Мен де сол таңғы уақытта күн шығуына жарты сағат қалғанда эфирге шығып отырамын», - дейді ол.

Әлеуметтік желі арқылы елге онлайн ақыл айтып, мотиватор, коуч атанып жүргендердің бірі – «Құралай ханым»деген атпен танымал әйел. Одан кеше ernur.kz порталы көлемдірек сұхбат алған екен. Ал біз сол сұхбатта айтылған әңгіменің жалпы мағынасына ғана тоқталмақпыз, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бізде «құрбандық» болып кеткен, ұрыс пен зорлықта өмір сүріп жүрген әйелдер көп. Сондай тағдырмен алысатын әйелдер азайса екен деп тілеймін. Осы мақсатта білгенімді қазір бәріне қол жетімді инстаграм желісінде бөлісуге тырыстым, эфирлерді ютубқа да жүктеп отырамын. Осы кезге дейін әр қалада семинар мен ақылы онлайн сабақтар өткізіп жүрмін», - дейді Құралай ханым.

Әйелдерге желіде 30 күн бойы отырып психологиялық кеңес берген ол, ораза кезінде де тыным таба қоймапты.

«Сәресі ішіп, намаз оқып болған соң күн шыққанша ұйықтамаған дұрыс екенін имамдар да айтады. Сол уақытта дұға оқып, тілек тілеген абзалырақ. Мен де сол таңғы уақытта күн шығуына жарты сағат қалғанда эфирге шығып отырамын. Таңғы уақытта тілек тілеген жақсы. Сол кезде адамдарға сенім, психология туралы айту өзіме де ұнайды», - дейді.

Әңгіме барысында тілші Қарашаш Есенбай оған: «Сіздің кейбір жазбаларыңызды «дінге қайшы, серік қосу» деп сынап жатады. Мысалы, 40 күндік дұға туралы түрлі әңгімелер айтылып жатыр, өзіңіз не дейсіз?» - деген сұрақ қойған екен. Құралай ханым оған да тосыла қоймаған.

«Мен бос сөз емес, нақты нәтижелерді айтқанды жақсы көремін. Мысалы, сол дұғаларды оқу арқылы Ақбота Бакенова деген қыз айлық табысын бес есе өсіріп, жолы болғыш адамға айналғанын жазыпты. Енді бір келіншек армандап жүрген екі бөлмелі пәтер алғанын жазыпты. Одан кейін мен әр іске шүкіршілік керегін сезіндіру үшін күніне 77 рет рақмет айту керегін айтамын. Соны айтып жүрген бір әйел бесінші күні жұмысқа кіргенін жазыпты. Осы сияқты дәлелдер көп, оның барлығын адамдар өздері де жазып жатыр», - дейді психология арқылы намазға жығылған онлайн тренер.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста