Журналист Гүлбану Әният: 14 марқұмның туыстарының зары алдында жас министрдің көз жасында құн бар ма?

Журналист Гүлбану Әният: 14 марқұмның туыстарының зары алдында жас министрдің көз жасында құн бар ма?

Журналист Гүлбану Әният  қайғыдан қан жұтқан марқұмдардың туыстарымен кездесуде көз жасына балаша ерік берген Экология министрін ақтап сөйлегендерге шүйлікті. Миинистр  Зульфия  Сүлейменова жас болса оны ешкім қинап жауапты қылып қоймағанын еске салды. Одан бөлек қайғылы жағдайды президенттің өзі қылмыс деп атаған. Сол себепті жауапты үш адам осы іс бойынша жауапқа тартылуы тиіс деді.

«Кей адамдар жас министр жылап тұр. Жас қыздың кінәсі жоқ деп бүкіл орманға жауапты Экология министрінің жылаған видеосын салып, ақтап жатыр екен.  Зүлфия Сүлейменованы ойнап отырған жерінен ешкім “министр болсаң да боласың, болмасаң да боласың!” деп желкелеп әкелген жоқ. Министр болуға өзі жүгірді.

Сол жолда тамырды пайдаланды, танысты пайдаланды, тағы басқа ресурстарды пайдаланды.  Он төрт өмірдің қиылуының қасында, он төрт отбасының жер сабалап қалып, зар еңіреуінің қасында мұның көз жасында құн бар  ма?!  Қазақ даласында осындай қасірет қайталанбауы үшін Үкіметті мұндай министрлерден тазартуды талап етуіміз керек! Үкіметте бұл жалғыз емес, мұндайдың қаншауы жүр! Бәрінің қолында адам тағдыры!

Президенттің өзі кешірім сұрады. Ал Төтенше жағдай министрі, Экология министрі, облыс әкімі ше? Ильин үш күннен кейін бір-ақ барған. Экология министрі форумда жүрген. Облыс әкімі Абай облысының бір жылдығын тойлап жүрген. Сөгіспен құтылды.   Президенттің өзі бұл оқиғаны — қылмыс деді. Демек, ең алдымен осы үшеуі жазаланып, жауапқа тартылуы тиіс.   Ал, ана жақта 14 отбасы қайғы жұтып отыр… Өрт басылған жоқ…Бүгін бүкіл қазақ елі аза тұтып жатыр…»,-деп жазды журналист Гүлбану Әният.

kyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста