Храпуновқа тиесілі болған жер мемлекетке қайтарылды
Шығыс Қазақстан облысында былтыр 37 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бұл 533 участок деген сөз. Оның жетеуі осы облысты 2004-2007 жылдар аралығында басқарған Виктор Храпуновқа тиесілі болып шықты. Бұрынғы әкім ең шұрайлы жерлерді иеленген. Мәселен Бұқтырма су қоймасының жағалауы мен Самар ауданында бірнеше жер телімдері болғаны анықталды. Сонымен қатар Өскемен қаласында 4 учаскені алып қойған. Бұл жерлер 10 жылдан бері бос тұрған. Облыстық прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, Храпуновқа қарасты барлық жер телімінің жалпы құны 5 миллиард теңгеден асады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу