Ұзынағашта болған қыздар арасындағы төбелестің мән-жайы айтылды

Ойыннан от шықты. Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы жасөспірімдер арасындағы жанжалдың неден шыққаны белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Almaty.tv.kz-ке сілтеме жасап. 

Екеуара келісе алмаған 16 жастағы студенттер ауыл ішіндегі саябақта кездесіп, есеп айырыспақ болған екен. Есте болса, Ұзынағаш медициналық колледжінің екінші курс студенті басқа оқу орнының студентін таяқтың астына алған видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен еді. Қара күртеше киген қыздың қызыл киімдегі жасөспірімді жағасынан алып, жұдырықтап жатқанын анық көруге болады. Видеоны түсіріп тұрған ер азаматтардың төбелеске қатысқандарды ажыратуға құлықсыз екенін де байқалады. Қызуқандылыққа салындық деген студенттер бәрі ойыннан басталды деп отыр.

 

«Бір-біріміздің сөзімізді көтере алмай ерегесіп қалдық. Сол жерде эмоцияға беріліп кеттік. Нұрайдың мұрны қанағанда, мен өзім қорқып қалдым», – деді студент Дильноз

 

Желіде жұдырық жұмсады деген жасөспірім дәл осы Ұзынағаш медицицинилық мекемесінде екінші курста оқиды екен. Оқу орынының әкімшілігі  студенттің тәртібі жақсы екенін айтты.  Алайда көпшілік оны асқан қатыгездікпен жұдырық жұмсағаны үшін жазаға тарту керегін айтады.

 

Аталған медициналық мекеменің басшысы бұл бейнежазбаның кеше ғана шығуы бізге жасалған қастандық деп отыр. Ал екі жас арасындағы жанжалды қарапайым жағдай деп баға беріп отыр.

 

«Өздері саябаққа шақырды. Біреу әдейі суретке түсірген. Олар бір ауылда тұрады. Бәрі біледі. Конфликт әр жерде болады, мысалы үйде де төбелеседі», – деді Ұзынағаш медициналық колледжінің директоры Ильдар Юлдабаев.

 

«Бүгінгі күні біліп жатырмыз ғой. Ол міндетті түрде шара қолданады. Тәрбие ісінде осалдық танытқан», – деді Білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Әмина Төребаева

 

«Негізі бір ай бұрын болған. Осы 3 желтоқсанда кешірім сұрап, шешіп тастағанбыз. Бірақ осы айда қайдан тарағанын білмейміз. Басында негізі ойын болған, ойнап жүрдік. Сол жерде "қадай алмайсың" деген сөзге бола тіресіп тұрдық. Ойыннан от шықты. Таяқ жегенде, дос болған соң артық кеткен жоқ», – деді зардап шегуші Нұрай.

 

«Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы, яғни ата-аналардың өзінің ата-аналық міндетін дұрыс атқармау деген бапқа материалға құжат жиналуда. Екеуі бір-біріімен татуласып, екі жақта бір-біріне кінә тақпайтын, бір-біріне  арыз жоқ екені анықталып отыр», – деді Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат  Данияр.

 

Бүгін полиция басқармасында тараптар кездесіп, бұл жайтты тағы талқылады. Аядай ауылдағы қос колледждің тәлімгерлері тәртібін түземесе жаза екі есе қатаңдауы мүмкін. Ал әзірге істі әкімшілік сот бақылауда ұстайды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста