Ұзатылып бара жатқан қызды әкесі тізерлеп шығарып салды
Ұзату тойында қызына әкенің тізерлеп ақ батасын берген сәті жұрттың жүрегін елжіретті, деп жазады Alashainasy.kz Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Instagram-да жарияланған видеодан бойжеткенді туысқандары қимастықпен шығарып салып жатқанын көруге болады.
Ұзатылып бара жатқан қыз әншінің жетелеуімен ақ жолақ үстімен жүріп өтіп, әкесімен қоштасуға жақындайды. Сол кезде той иесі тізерлеп отырып, қол жайып батасын беріп, баласының маңдайынан сүйеді. Осы сәтке куә болған көпшіліктің көңілі босап, көздеріне жас алған.
Бейнежазбаны көрген желі тұтынушылары да бұл көрініске риза болып, жылы лебіздерін білдірді.
"Әкесінің Алладан тізерлеп сұраған тілегі қабыл болсын!", "Бұл кісінікі дұрыс, батаны тізерлеп береді. Көреген кісі екен. Қызыңыз бақытты болсын!", "Бұл — әкенің балаға деген махаббаты" – деп жазды көпшілік.