Ұлытау облысы аумағында киіктер нөпірі көп байқалып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдіктің телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Мамандардың айтуынша, бұл көрініс киіктердің жылы жаққа кешігіп қалғандығынан болуы ықтимал
«Осыған орай Ұлытау облысы әкімдігі мен басқа да тиісті ұйым өкілдері жануарларға аса қауіпті аймақ саналатын темір жол бойында орналасқан темір торларды ашып, киіктердің тосқауылсыз өтуіне жағдай жасады», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Қазақстанда киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға мораторий 2024 жылға дейін ұзартылған еді.