Үйінің ішіне қарлығаш ұя салған. Ауыл тұрғынына қонақтары разы болды

Үйінің ішіне қарлығаш ұя салған. Ауыл тұрғынына қонақтары разы болды

Қостанай облысындағы Жангелдин ауданының Қалам-Қарасу ауылында тұратын Қанат Тұрмағамбетов қарлығаш құсы отбасының мүшесіне айналғанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Белгілі журналист Жасұлан Айсағалиев Торғайға барған сапарында сыйлас ағасының үйіне барып, керемет көрініске куә болған. Үй ішіне салынған қарлығаштың ұясын видеоға түісіріп алып, Instagram-дағы парақшасына жариялады. Бейнежазбада оның таңданыс білдіріп, "бұл үйге құт әкеледі" деп ырымдап жатқанын көруге болады. Ал үй иесі абзал құс бөлмеге жыл сайын ұя салатынын айтады.

Қарлығаш ұя салған үй. Ұстазым, жездем, ел ағасы Қанат Тұрмағанбетовтің шаңырағындамын. Ұлды ұяға, қызды қияға қондырған шаңырақ, — деп жазды Айсағалиев видео астына.

Жалпы, қарлығаш қазақ үшін аса қадірлі құстардың бірі саналады. Үнемі адамдарға жуық жүреді. Қарлығаштың ұясын бұзбау үшін Төле бидің үйді жықпағаны туралы аңыз да ұлтымыздың осы құсқа деген ерекше құрметін білдіреді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста