Алматы қаласы әкімдігінің телеграм арнасында үйдің шатырындағы мұз сүңгілерден сақтану жолдары жазылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz .
Егер үйдің шатырынан сүңгі байқасаңыз, үйіңізге қызмет көрсету органына (МИБ, ПИК және т.б.) тазалауын сұрап, өздігінен құлауына жол бермеуін айтыңыз.
Үйдің шетіне, балконға, қардың еруі және сүңгілер түсуі мүмкін басқа да жерлердің астында тұрмаңыз.
Егер сіздің ПИК / ось шағымдарға тиісті түрде жауап бермесе, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз - +7 (727) 225-14-31.