ҰБТ қорытындысы бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады

ҰБТ қорытындысы бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады

Білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады, деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі.


Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғаннан бері үміткерлердің 78%-і шекті балл жинады, ал орташа балл 69 болды, деп толықтырды баспасөз қызметі.


Ведомствоның мәліметінше, ҰБТ кезіндегі ең жоғары жиналған балл137 болған.
 
"ҰБТ-ның бесінші аптасы аяқталды. Осы аптада жоғарғы оқу орындарының қабылдау комиссиялары өз жұмысын бастады, олар 25 тамызға дейін ЖОО-ға қабылдау үшін құжаттарды қабылдайды", - делінген хабарламада.
 
Сондай-ақ "Педагогикалық ғылымдар" мен "Денсаулық сақтау" бойынша оқуға түскісі келетін талапкерлер үшін міндетті арнайы емтихандар басталды, деп толықтырды ведомство.


7 шілдеге дейін ЖОО-ның шығармашылық емтихандарына қатысу үшін өтініштер қабылданады, емтихандардың өзі 8-15 шілде аралығында өтеді.


"Гранттар конкурсына құжаттарды қабылдау ҰБТ аяқталғаннан кейін 13-20 шілде аралығында өтеді. 10 тамызға дейін мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланады", - дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Ембаев.


Айта кету керек, тестілеу басталғаннан бастап бес апта ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 606 талапкер ҰБТ-ға қатысты.


"290 талапкер ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан 229 адам шығарылды, олардың нәтижелері де жойылды. Бөгде адамдар анықталған жоқ", - деп толықтырды ведомство.


Қорытындылай келгенде, орталықта ҰБТ-2023 аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану және ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда, оқуға түсушінің ҰБТ нәтижесі жойылады.

sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста