"Тұңғышбай Жаманқұлов оқуымды төрт жыл төлеп, оқытты". Қазақстандық актер күтпеген мәлімдеме айтты

"Тұңғышбай Жаманқұлов оқуымды төрт жыл төлеп, оқытты". Қазақстандық актер күтпеген мәлімдеме айтты

Актер Шерхан Пірназар өзінің өнер академиясына грантқа түсе алмағанын және ұстазы Тұңғышбай Жаманқұлов оқу ақысын төлеп төрт жыл оқытқанын жеткізді. Бұл туралы өнер иесі "Түнгі Студия" бағдарламасына берген сұхбатта айтты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отандық кинолар мен веб-сериалдарда төбе көрсетіп жүрген актер Шерхан Пірназар өзінің Алматыға қалай келгенін Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясына қалай түскенін айтты. 

 
"2010 жылы мектеп бітіріп, арман қуып Алматыға келдім. Алматыға келіп әскери оқуға түстім, бірақ менікі емес екенін түсіндім. Қатты қиналып кеттім. Үйдің жалғыз баласы едім, оқуға келіп таяқ жедім, құнары жоқ тамақты көрдім. Сөйтіп оқудан шығып, Қызылордаға қайттым. Содан уақытым өтіп кетсе де, Ақмешіт көпсалалы гумантиарлық техникалық колледжіндегі автомеханик мамандығына грантқа түстім. Бұл оқуды да қаламай шығып кеттім. Сөйтіп 2012 жылы Ақұзақ деген досым "Өнер академиясына барайық. Сенің түрің бар, даусың бар. Мүмкін бағыңды сынап көрерсің" - деп ұсыныс жасады. Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов ұстазым шеберханасына қабылдау жүргізіп жатыр мен емтихан тапсырдым", – дейді ол.
Шерхан Пірназардың айтуынша, ол грантқа түсуге жеткілікті баллды жинай алмаған. Алматыда жүріп мешіттермен жертөлелерде қонғанын жеткізді.

"Алматыда ешқандай туысым жоқ, мешітте тұрдым, подъезде түнедім.Тұңғышбай ағаның курсына түстім, емтиханнан 88 балл жинадым, бірақ грантқа түсе алмадым. Түнгі сағат он жарымда Қаскелеңде мешітте жатсам, Тұңғышбай аға хабарласты. “Осындай жағдай боп тұр, грантқа түсе алмадың. Ақылы түрде оқисың ба? Оқысаң сені өзіме алайын” деді. Ол кезде жас баламын, таңға дейін өкіріп жыладым. Колледжден шығып кеттім, туған-туыстың бетіне қалай қараймын деп ойладым. Ертеңіне академияға бардым, грантқа түскендерді хабарлап жатыр екен. Оның ішінде менің атым жоғын білемін. Бірде бір бала: “Тұңғышбай аға сені шақырып жатыр” деп жүгіріп келді. Бармаймын деп едім, ағаның өзі хабарласты. Қолымда пакет ағаның алдына бардым. Тұңғышбай аға академия деканына маған грант беріп, алып қалуды ұсынып жатыр. Менің көзіме жас толып қалған. Бірде Тұңғышбай аға: “Бар да құжаттарыңды кадр бөліміне өткіз, ақылы түрде өзім оқытамын” деді. Мен басу айтып жатыр екен деп ойладым. Бәрі мені құттықтап жатыр. Бір кезде оқуға түскен, түспегенімді білмек болып анам хабарласты. Болған жағдайды айтып едім: “Сенбе оларға. Олар алдап кетеді. Оқымасаң оқыма, Қызылордаға қайт” деді. Сөйтіп тұрғанда Тұңғышбай аға келіп екеуіміз кадр бөліміне бірге  кірдік. Құжаттарымды тапсырдым, Тұңғышбай аға оқуымды төрт жыл өзі төлеп, оқытып шықты", – дейді Шерхан Пірназар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста