Тоқаев мерзімді әскери қызметке шақыру туралы қаулыға қол қойды

Тоқаев мерзімді әскери қызметке шақыру туралы қаулыға қол қойды

Президент әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және ҚР азаматтарын 2023 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы қаулыға қол қойды.
 

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және қарулы күштері туралы» Қазақстан Республикасы заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 31-бабына сәйкес қаулы етті:

1. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2023 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының қарулы күштері, Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын.

2. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер-азаматтар 2023 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне, Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2023 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасының үкіметі, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметі мерзімді әскери қызметті өткеру үшін Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне, Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді шығаруды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын, делінген жарлық мәтінінде.

Осы жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста