Тамақ пен косметикаға ішек қатерлі ісігін тудыратын зат қосады
Қазнет қолданушылары жақында жүргізілген зерттеулер тағамдық қоспа ретінде қолданылатын титан диоксиді ішек қатерлі ісігінің дамуына әкелуі мүмкін екенін жазды, - деп хабарлады Алаш айнасы stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл рас па, жоқ па, анықтайық:
Титан диоксиді E 171 тағамдық қоспасы ретінде де белгілі. Оны өнімдерге ақ түс беру үшін қолданады. Ол тағамда да, мысалы, ақ майда немесе сағызда, тұрмыстық химияда да – ақ тіс пастасында және басқа да өнімдерде болады.
2022 жылдың басында Еуропалық Одақ елдерінде титан диоксидін тағамдық қоспа ретінде пайдалануға тыйым салынды. Мұндай шешім зат бөлшектері ағзада жиналып, денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін деген бірқатар зерттеулер жарияланғаннан кейін қабылданды. Алайда, ол еңбектерде көрсетілген тұжырымдарды әлі де растау қажет.
Сондай-ақ Желіде ішек қатерлі ісігі мен титан диоксиді арасындағы байланысқа арналған ғылыми жұмыстарды да табуға болады. Алайда, оларда қоспаның ісіктердің дамуына түрткі болмайтындығы, бар ісіктердің өсуін күшейтетіні туралы айталған. Осындай қорытынды шығарылған тәжірибелер приматтарда, адамдарда емес, тышқандарда жүргізілді. Демек, оны тексеріп, растау қажет.
Колоректальды қатерлі ісік пен E171 қоспасы арасындағы байланыстың тағы бір кең ауқымды зерттеуі қоспаның аурудың дамуына әсері шамалы екенін және оның канцерогенділігі туралы аутуға негіз жоқ екенін көрсетті.
Басқа ғылыми жұмыстарда, керісінше, титан диоксидінің қатерлі ісіктерді өсірмей, олардың көлемін азайтатыны туралы жазылған.
Яғни, титан диоксиді ішек қатерлі ісігін тудырады деп нақты айта алмаймыз. Мұндай теорияларды әлі де тексеріп, дәлелдеу қажет. Сонымен қатар бұл пікірді жоққа шығаратын зерттеулер де бар.