Шымкентте такси жүргізушілері аязды күні тұрғындарды тегін тасып жүр
Шымкенттіктер күн аязды болуына байланысты тұрғындарды көлікпен тегін тасып жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Otyrar.kz-тің хабарлауынша, Нариман Ахметов достарымен бірге мүмкіндігінше тұрғындарды үйіне жеткізіп, қиын жағдайға тап болғандарға көмектесіп жүр.
"Ең бастысы – адамдарға көмектесу, шымкенттіктер үшін қыс қатал болып тұр. Адамдарға көмектесу керек. Өзім негізі қажет кезде көмектесемін, ақшасы болмаса, тегін жеткіземін, бұдан шығынға батып қалмаймын, бұл – игі іс, көмектескендерге еселеніп қайтады", - дейді такси жүргізушісі Нариман Ахметов.
Бірнеше күн ішінде Нариман мен оның достары ондаған адамды жеткізген.
Синоптиктердің болжамынша, Шымкентте 12 қаңтарда түнде 25 градус аяз болады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу