Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі бар елді мекендерге мониторинг жүргізілуде

Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупі бар елді мекендерге мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар мен Глубокое ауданының әкімдігі су тасқыны қаупі бар елді мекендерге мониторинг жүргізді. Ауданда бүгінгі таңда жердің қату тереңдігі – 48 см, қар жамылғысының биіктігі – 134 см.

 

 

Глубокое ауданында су басу қаупі жоғары 15 елді мекен бар. Атап айтқанда, Прапорщиково, Уварово, Глубокое, Каменный карьер, Белоусовка, Ново-Ульбинка, Тарханка, Алтай, Прогресс, Предгорное, Разъезд, Черемшанка, Ушаново, Малоубинка және Опытное поле ауылдары. Ондағы барлығы 92 үйде 2335 адам тұрады.

«Қазіргі уақытта су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ауданда 6,6 мың текше метр қар шығарылған. Автокөлік жолдарындағы 34 су өткізу құрылысы, 14 шақырым каналдар және 22,3 шақырым арықтар қар мен мұздан тазартылды. 9200 дана ыдыс-қап, 100 тонна инертті материал, 1,6 тонна жанар-жағармай дайындалды. Сондай-ақ төтенше жағдай болып жатса халықты эвакуациялау үшін уақытша орналастыру пункттерін ұйымдастырдық. Гидрологиялық жағдай тұрақты», - дейді Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов.

 

 

Құтқарушылар әрбір үйді аралап, су басу қаупі төнген жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндіруде.

 

 

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-дағы 13 жол учаскесін су басу қаупі бар екендігі хабарланған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста