Шілдеде ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Шілдеде ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

"Қазгидромет" РМК шілде айына арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Шілде айының бірінші онкүндігінде Қазақстанның батыс облыстарына Жерорта теңізінің шығыс жағалауы мен Орталық Азиядан жылы ауа массалары жылжып келіп, ауа температурасы түнде +12+17°С-тан +18+23°С-қа дейін күндіз +21+26°С-тан +30+38°С-қа жоғарылайды; оңтүстік-батыста түнде +15+22°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +25+35°С-тан +33+40°С-қа дейін көтеріледі", - деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.


Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басқа аймақтарында жылы және салқын ауа массаларының алмасуына байланысты ауа температурсында ауытқу болады:

  • елдің солтүстік-батысында түнде: +12+23°С-тан +10+18°С-қа, күндіз: +28+35°С-тан +22+27°С-қа дейін;
  • солтүстікте, ҚР орталығында түнде: +7+17°С-тан +15+20°С-қа, күндіз: +23+33°С-тан +27+35°С-қа дейін;
  • шығыста түнде: +3+13°С-тан +13+20°С-қа, күндіз: +17+25°С-тан +25+33°С-қа дейін;
  • оңтүстік-шығыста түнде: +12+20°С-тан +20+25°С-қа, күндіз: +25+33°С - тан +33+38°С-қа дейін, 
  • республиканың оңтүстігіндегі таулы аудандарда түнде: +5+10°С-тан +8+13°С-қа, күндіз: +20+25°С-тан +25+30°С-қа дейін.
  • оңтүстік өңірлерде түнде +17+23°С-тан +20+27°С-қа, күндіз +33+40°С-тан +27+32°С-қа дейін;

"Бірінші онкүндік бойы атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты орын алады: жаңбыр жауады, жекелеген күндері қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, айдың басында елдің батысында, солтүстік-батысында, ал онкүндіктің ортасынан бастап Қазақстанның басым бөлігінде соққан қатты желдің екпіні 15-28 м/с дейін жетеді, ал осы кезде батыста, оңтүстік-батыста жаңбыр тоқтайды деп болжанады".
 

Екінші онкүндіктің басында республикамыздың басым бөлігінде негізінен ыстық және аз бұлтты ауа райы болжанады. Содан кейін екінші онкүндіктің соңында және айдың үшінші онкүндігінде синоптикалық жағдайдың жиі өзгеруіне байланысты, ыстық күндер салқын және жаңбырлы ауа райымен кезектеседі.

Сондай-ақ ауа температурасының ауытқуы күтіледі:

  • батыста және елдің оңтүстік жартысында түнде: +12+20°С-тан +20+26°С-қа дейін, күндіз: +23+28°С-тан +31+42°С-қа дейін;
  • республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде: +8+15°С-тан +15+23°С-қа дейін, күндіз: +20+25°С-тан +27+36°С-қа дейін;

"Жалпы алғанда, шілдеде ауаның орташа температурасы ҚР солтүстік жартысында климаттық норма шамасында, оңтүстік жартысында - нормадан 1°жоғары болады деп күтіледі. Жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде норма шамасында, ҚР солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік, оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында нормадан сәл көп, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында және Қостанай облысының батысында - нормадан аз болады деп күтіледі", - деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста