Рысқұлов даңғылында жол қозғалысының сызбасы өзгерді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Алматы қаласы әкімдігінің телеграм арнасына сілтеме жасап.
Көлік ағынын өткізу қабілетін арттыру мен қақтығыстардың алдын алу мақсатында 2023 жылғы 5 қаңтардан бастап эксперименталды түрде Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында Рысқұлов даңғылынан батыс және шығыс бағытта солға бұрылуға тыйым салынады.
2023 жылғы 1 наурызға дейін мамандар аталған аумақтың, бағдаршам нысандары мен бұрылу орындарының көлік өткізу қабілеттілігіне талдау жасап, оның нәтижесіне сәйкес шешім қабылдайды.
Алматы Қалалық мобилділік басқармасы