Ресейлікті қала ішінде 400 еуроға жеткізіп тастаған таксист жазаланды

Ресейлікті қала ішінде 400 еуроға жеткізіп тастаған таксист жазаланды

27 жастағы такси жүргізушісі ресейлікті Алматы әуежайынан қаланың Марков көшесінде орналасқан мекенжайға дейін жеткізіп тастағаны үшін 400 еуро алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.


Осы жылдың 3 мамырында сағат 17.00-де Алматы қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне Ресей Федерациясының 30 жастағы азаматы арызданып, Алматы қаласы әуежайының такси жүргізушісіне қатысты шара қабылдауды сұраған. Такси жүргізушісі ресейлік азаматты қаланың Марков көшесінде орналасқан мекенжайға жеткізіп тастап, сол қызметі үшін 400 еуро алған.


Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында арыз берушіні діттеген жеріне жеткізіп тастаған "Мерседес-Бенц" автокөлігі мен оның иесі анықталды. Ол 27 жастағы Алматы облысының тұрғыны болып шықты.


Жауап алу кезінде ер адам өзінің кінәсін мойындап, ресейлік азаматқа ақшалай қаражатты толық көлемде қайтарып берді.


Осы факт бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.


Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ер азаматқа 21 150 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста