Мемлекет басшысының жарлықтарымен бірқатар елде Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Ақорданың
баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Еркін Қадырбекұлы Ахинжанов Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар, Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.