Қазақстанда "ашық аспан" режимі бес жылға, яғни 2027 жылға дейін ұзартылды. Азаматтың авиация комитетінің мәлімдеуінше, бұл шара ұшу географиясын кеңейтуге және халықаралық рейстер санын ұлғайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл режим рейстер саны бойынша барлық шектеулерді алып тастауды және қазақстандық авиакомпаниялар жұмыс істемейтін бағыттар бойынша шетелдік авиакомпанияларға "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін беруді көздейді, деп мәлімдеді Азаматтық авиация комитеті.
"Ашық аспан" режимі Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтау, Семей, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Көкшетау және Түркістан қалаларының 12 халықаралық әуежайларында қолданылды.
- Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлескен жұмыс қорытындысы бойынша бұл режим өңірді дамыту мақсатында Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайына да енгізілді, - деді Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Комитет өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл режим жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, әуе тасымалдаушылардың бәсекелестігін дамытуға, халықаралық маршруттарды ашуға, авиабилеттер құнын төмендетуге, туризмді дамытуға және Қазақстан қалаларының көліктік қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.