Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапарын жасайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Бүгін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары басталады. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов екіжақты келіссөз өткізіп, маңызды құжаттарға қол қояды деп жоспарланып отыр» делінген хабарламада.