Қазақ-Өзбек шекарасында жүздеген көлік кептелісте тұр

Қазақ-Өзбек шекарасында жүздеген көлік кептелісте тұр

Қазақ-Өзбек шекарасында жүздеген көлік кептелісте тұр. Түркістан облысындағы «Қазығұрт» кеден бекетінде кезегін күткен шетелдік көліктердің легі бірнеше шақырымға созылады.


Кеденшілердің кесірінен жолда қалдық деген жүргізушілер мәселенің тезірек шешілгенін қалайды, деп жазады qazaqstan.tv.

"Бұл жерде не жуынатын не тамақ ішетін асхана жоқ. Алысқа бара алмаймыз, кезегің өтіп кетуі мүмкін. Тыныш демалып, ұйықтап, жуынып алуға болатындай тұрақ жасау қиын емес қой", - деді жүргізуші Дилмурод Бакиров.
«Ал шекарадағы кептеліске Сарыағаштағы «Қапланбек» бекетінің жөндеуге жабылғаны басты себеп болып тұр», - дейді мамандар. Қазір жүк көліктері басқа үш бекет арқылы өткізіліп жатыр. Дегенмен, көлік саны жылдан жылға артқан. Бұған дейін «Қазығұрт» бекетінен күніне тек 10 жүк көлігі өткізілсе, қазір олардың саны 250-ге жуықтайды.

"Шекарада автокөліктердің көбеюі маусымдық жағдайға байланысты болып отыр. Яғни, ол Өзбекстаннан елімізге жеміс-жидектер, көкөністер көбірек әкелініп жатыр. Содан бөлек ол Өзбекстан Республикасынан Ресейге де транзит арқылы кетіп жатқан жайы бар. Кеден қызметінің өкілдері көбейтіліп, штат қайта жасақталды. Сонымен қатар бас диспетчерлік басқарма тәулік бойы жұмыс жасап жатыр" - деді Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева. 

kaz.zakon.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста