Қазақ балалары Қырымдағы лагерьде жүр: Мектеп басшылығына қатаң ескерту берілді

Қазақ балалары Қырымдағы лагерьде жүр: Мектеп басшылығына қатаң ескерту берілді

Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісіне Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.


Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандық мектеп оқушылары Қырымның оңтүстік жағалауындағы «Артек» лагеріне 24 күнге жіберілетіні белгілі болған. Бұл ақпаратты Астана қаласындағы «Астанадағы орыс үйі» жариялаған еді. Фотода «Республикалық физика-математика мектебінің» (РФММ) мұғалімі Лаура Ілиясова бар. Балалар Қырымға 24 күнге аттанған.

Әлеуметтік желіде бұл оқиғаны қатаң сынап, министрліктен түсініктеме талап еткендер көп болған. Бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова ата-аналар өздігінен, білім беру ұйымдарына хабар бермей, аталған аймаққа балаларымен кетіп қалғанын айтады.

«Біз күн сайын сол балалармен байланыстамыз. 25 мамырда қайтып келеді деп күтіп отырмыз. Қазіргі таңда олардың өмірі, денсаулығы, көңіл-күйі жақсы. Ата-аналары бірге жүр», - дейді ол.


Ал Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев расында да Қазақстандағы заңдар бойынша, ата-аналар өз балаларын түрлі халықаралық конкурстарға қатыстыра алады. Ол жағынан ешқандай шектеу жоқ.

«Бірақ бүгінгі ерекше жағдайға байланысты мынадай шешім қабылданды: келесі жылдан бастап арнайы ұлттық тәрбие жоспарын қабылдаймыз. Яғни бұдан былай бірінші кезекте бүкіл тәрбие жұмыстары жоспар негізінде ұйымдастырылуы тиіс. Екіншіден, осынай келеңсіз жайттарға жол бермеу мақсатында мектеп осындай ұзақ мерзімді сыртқа шығатын балалар туралы бірінші кезекте облыстық білім басқармасы мен балалар құқығы қорғау комитетімен ақылдаса отырып, шешім қабылдауы тиіс», - деді Ғани Бейсембаев.


Оның сөзінше, бұдан былай мұндай мәселелерге тосқауыл қойылады. Министр балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты шешім қабылданғанын атап өтеді.

«Дей тұрғанмен бұл шаралармен біз шектелмейміз. Ата-аналар форумы өтті. Бұл мәселе сонда көтерілді. Бұл жерде ата-аналардың да жауапкершілігін күшейту мақсаты тұр. Жаңа оқу жылынан бастап барлық мектеп қабырғасында Ата-аналар академиясын құру бастамасын қолға алып отырмыз. Ондағы мақсат – ата-аналарға тиісті заңды ақпараттарды қамтамасыз ету. Өйткені соңғы зерттеулердің нәтижесі бойынша ата-аналардың 60 пайызы өз балаларын тәрбиелеуде психологиялық-педагогикалық көмекке мұқтаж екенін айтып отыр», - дейді ол.


Ғани Бейсембаев Қырымға балаларды жіберген мектеп басшылығы ешқандай заңды бұзып отырған жоқ дегенге келтіреді.

«Бірақ осы жағдайдың ерекшелігін ескере отырып, облыстық білім басқармасы тарапынан бұл мектептерге қатаң ескертулер берілді. Бұл бағыттағы іс-шаралар облыстық білім басқармасы ғана емес, министрлік тарапынан да қатаң бақылауда болады», - деп түйді Ғани Бейсембаев.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста