Қарағанды облысында бас дәрігер жол апатынан қайтыс болды: жүргізушіге сот үкімі шықты

Қарағанды облысында бас дәрігер жол апатынан қайтыс болды: жүргізушіге сот үкімі шықты

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері көз жұмған жол апатына қатысты сот үкімі шықты. Бас дәрігер отырған көліктің жүргізушісі екі жылға сотталды, деп хабарлайды Patriotnews.kz.
Қарқаралы аудандық ауруханасының жүргізушісі ең төменгі қауіпсіздік колониясында 2 жыл жазасын өтейтін болды және марқұмның отбасына 5 млн теңге төлейді. Қайғылы оқиға былтыр 12 қыркүйекте сағат таңғы 9:30-да болған.
Қарқаралы орталық ауруханасының бас дәрігері Светлана Сүлейменова Қарағандыға жолға шығады. Ол медициналық жабдықты тексеруден өткізіп, аурухана қызметінде ары қарай қолданбақ болған. Қарағанды маңындағы Доскей кенті мен Көкпекті ауылы арасында "Lada-21214" қызметтік жүргізушісі бір бағытта келе жатқан "Scania" фурасына соғылады.
Бас дәрігер отырған көлік жүк көлігін қапталдай келе, оң жағымен соқтығысқан. Салдарынан 59 жастағы Светлана Сүлейменова ауыр жараланып, оқиға орнында қайтыс болады. Ал 26 жастағы аурухана жүргізушісі сотта бас дәрігер оның қолын абайсызда қағып жібергенін айтты.
 
"Бас дәрігер Светлана Сүлейменова артта құжаттарды алғысы келді. Ол қауіпсіздік белдігін шешіп, құжаттарға қолын созған сәтте қолымды қағып жіберді. Бірақ мен оны кінәламаймын. Бұл - менің кінәм. Мен жүргізушімін және жолаушының қауіпсіздігіне жауап беремін. Алайда өкінішке орай сол сәт мен ештеңе істей алмадым, көлік соқтығысты. Ары қарай не болғанын білмеймін, есімді ауруханада жидым. Сүлейменова - менің бастығым, кейде қауіпсіздік белдігін тақпайтын. Апат болған күні екеуміз де қауіпсіздік белдігін таққанбыз. Мен қозғалыс жылдамдығын сағатына 50-60 шақырымнан асырмадым", - деді жүргізуші.
 
Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, болған оқиғаға өкінетіндіктен және жас баласының барын ескеріп, сот жеңіл түрдегі жаза тағайындады.
"Сотталушының іс-әрекеті "Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу немесе көлік құралдарын пайдалану" бабы бойынша тергелді. Көлік құралдарын басқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 2 жыл ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу түріндегі жаза тағайындалсын.
"Қарқаралы ауданының орталық аудандық ауруханасы" КМК-дан жәбірленуші тараптың пайдасына 5 миллион теңге өндіріп алынсын", деп сот үкім шығарды.

sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста