Қаңтар оқиғасы: 238 адамның қандай жағдайда қайтыс болғаны жарияланды
Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған адамдардың қандай жағдайда көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оның айтуынша, «шабуылды тойтару кезінде, төтенше жағдай мен антитеррористік операция барысында 238 адам қайтыс болған».
Оның ішінде 41 адам бұрын сотталған.
Қаза болғандар саны туралы мәлімет дұрыс, жүргізілген тергеу аясында мұқият тексерілді. Соның ішінде:
- 67 адам шабуылдаушы болып танылды, яғни жаппай тәртіпсіздікке қатысқан күдіктілер;
- 142 адам төтенше жағдай мен антитеррористік операция режимін бұзушылар;
- 4 адам басқа да қылмыстар жасау кезінде өлген.
Жалпы, Алматы қаласында 151 адам қаза болды. Олардың көбі – Президент Резиденциясын шабуылдау кезінде.
Адам өлімі тағы Қызылорда (26), Шымкент (20) және Тараз қалаларында (17) орын алған.