Орман өрті. Асыраушысынан айырылған балаларға барлық жағдай жасалады - министр

Орман өрті. Асыраушысынан айырылған балаларға барлық жағдай жасалады - министр

Оқиға болған аймақта балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күш жұмылдырылып жатыр, деп хабарлайды  BAQ.KZ.
 
 
Абай облысында болған алапат өрт салдарынан қаза болған орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына, жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл барша қазақстандықтар үшін аса ауыр қайғы, - деп жазды Оқу-ағарту министрі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес министрлік бірқатар шара қабылданып жатыр.

Оқиға болған аймақта балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күш жұмылдырылуда. Осы күндері министрліктің аумақтық департаментінің, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және облыстық білім басқармасының өкілдері балалармен жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасына асыраушысынан айырылған отбасылармен жеке кездесіп, балалардың психологиялық кеңес алуына, жазғы сауықтыру лагерлерінде демалуына барлық жағдайларды ұйымдастыру тапсырылды, - деді, - Ғани Бейсембаев.
Қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған тұрғындардың арасында 64 бала бар. Бүгінде олар отбасыларымен бірге Семей қаласындағы екі колледж ғимаратына орналастырылған.

Сондай-ақ эвакуацияланған 9,11 сынып түлектерінің қорытынды емтиханды кедергісіз тапсыруы үшін барлық жағдай жасалуда — мектеп бітіру емтихандары Семей қаласында ұйымдастырылады. Апат салдарынан асыраушысынан айырылған отбасы балалары жаңа оқу жылында білім алуын еш кедергісіз жалғастыруы үшін мектеп формасымен, қажетті оқу құралдарымен және ыстық тамақпен қамтылатын болады. Балалардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің үнемі бақылауында, - деді министр. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста