Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерді аттестаттау үдерісін қайта қарауы мүмкін

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерді аттестаттау үдерісін қайта қарауы мүмкін

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұғалімдерді аттестаттау рәсімін қайта қарау жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.


"Білімді ұрпақ – білімді ел" конференциясында Ғани Бейсембаев ел мектептеріндегі жағдайға тоқталды.

"Қазір мектеп директорлары жетіспейді, осыған орай мектеп директорларының жалақысын көтеру қажеттігі туындап отыр.Осыған байланысты Мемлекет асшысының тапсырмасы аясында біз қазір "Ағарту саласының 1000 көшбасшысы" жобасын әзірлеп жатырмыз", – деді министр.
Ол сондай-ақ оқыту үдерісін жаңғыртудың және мұғалімдерді аттестаттау тәртібін қайта қараудың маңыздылығына тоқталды.

"Осы алдағы өзгерістер аясында қазір мұғалімдерді аттестаттау ережелерін қайта қарау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр – қажетті өзгерістер енгізу көзделуде. Бұған дейін арнайы ақпараттық бағдарламада әрбір мұғалімнің кәсіби жетістіктері жинақталып, аттестаттау кезінде бұл ескерілетін. Бірақ аттестаттауға қатысты сұрақтар көп болды, бұл туралы президент те айтты.  Осыған байланысты біз аттестаттау үдерісі кезінде мұғалімнің жетістігіне емес, оқушының жетістігіне қарап, сол арқылы ұстаздың еңбегін бағалау керек екенін айтып отырмыз. Бұл мұғалімдердің оқу үдерісінен алшақтамай, бала тәрбиесіне бар күш-жігерін салуға мүмкіндік береді", – деп түйіндеді сөзін министр.


Бұған дейін Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерді аттестаттау үдерісін толық автоматтандыруды жоспарлап отырғанын айтқан еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста