Министрлік Интернет 2 аптаға өшетіні туралы ақпаратқа пікір білдірді

Министрлік Интернет 2 аптаға өшетіні туралы ақпаратқа пікір білдірді

Мессенджерлерде 26 сәуірден 10 мамырға дейін интернеттің өшірілетіні туралы айтылған хабарлама таралып жатыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жаңа ғана дүкенге хабарлама әкелді. 26 сәуірден 10 мамырға дейін интернет мүлдем болмайды деді. Кімде электрон касса болса, калькулятор, таразы қойыңыздар. Халыққа қолма-қол ақша алуды ескертіңіз", - дейді аудиодағы әйел.
Бұл хабарлама Павлодар облысында таралғаны белгілі болды. Жергілікті цифрлық технология департаменті өкілдерінің айтуынша, бұл - жалған ақпарат. Мұны Цифрлық даму министрлігі өкілдері де растады.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 2023 жылғы 24 сәуірдегі жағдай бойынша барлық байланыс операторының ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымы қалыпты жұмыс істеп тұр. Ресми және сенімді дереккөздерден алынған ақпаратқа сенуге және фейк таратпауға шақырамыз", - делінген хабарламада.
 
 
Министрлік бес мемлекеттік органға басымдықты пайдалану, сондай-ақ, желілер мен байланыс құралдарының жұмысын тоқтату құқығы берілгенін еске салды. Бұл - Бас прокуратура, ҰҚК, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері де хабарламаға пікір білдірді. Таратылған ақпараттың жалған екеніне қарамастан, МКК электр қуаты немесе интернет болмаған жағдайда да деректерді бекіту және беру функциясы бар касса машиналары офлайн режимде істей беретінін түсіндірді. Кассирге кассаның офлайн режиміне көшуі туралы хабарлама арқылы мәлім болады.

"Автоном режимде болған кезде БКМ автоном фискал белгісі көрсетілген чектерді басып шығаруды жалғастыра алады. Барлық басылған чекті машина жадында сақтайды. Сонымен қатар, БКМ Z-есебін оның жинақтауышында сақталған деректер негізінде жасайды", - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері.
Деректерді бекіту және жіберу функциясы жоқ БKM 72 сағат бойы офлайн режимінде жұмыс істей алады.

"БКМ дербес режиміне өткеннен кейін жауапты тұлға "бақылау-кассалық машиналарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №208 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тауар чегін Мемлекеттік кіріс органдарында тауар чектерінің кітабын тіркеусіз толтыруы және беруі қажет", - деп еске салды комитетте.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста